×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Серікқали Брекешев Экология, геология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды

10.09.2021, 11:01
Фото: ашық дерек көзінен

Бұл туралы дереккөзге сүйене отырып ulysmedia.kz тілшісі хабарлайды.

Бұған дейін ол аталған министрлікте вице-министр қызметін атқарған. Серікқали Брекешев 1972 жылы 14 қазанда Павлодар қаласында дүниеге келген. Атырау политехникалық институтын "мұнай және газ кен орындарын игеру" мамандығы бойынша тәмамдаған. 

Еңбек жолы:

1995-1997 жж. - «Қазақстан-Ресей сауда үйі» БК, бас директордың орынбасары, экономист.

 1997 ж. - Ақтау қаласындағы Салық бөлімі, инспектор.   

 1997-1998 жж. - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ «Мұнайгермес» материалдық-техникалық қамтамасыз ету және өнімді өткізу басқармасының филиалы, 8-ші разрядты инженер.

1998-2006 жж. - «Қарақұдықмұнай» ЖАҚ, мұнай өндіру жөніндегі мастер, пайдалану жөніндегі инженер, кәсіпшілік менеджері.

2007-2014 жж. – энергетика және минералдық ресурстар, мұнай және газ министрліктерінде басшылық қызметтер атқарған.  

 2015-2020 жж. - «ҚазТрансГаз» АҚ құрылымында  ГТЖ басқару жөніндегі басқарушы директоры, техникалық саясат жөніндегі басқарушы директоры, өндірістік-техникалық департаментінің директоры, бас директордың техникалық саясат жөніндегі орынбасары.

2020 жылдың 5 наурызынан бастап – ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі.

Серіктес жаңалықтары