×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

Хоккейшілерге жүз миллиондап айлық төлеу қаншалықты әділетті – министр жауап берді

08.06.2023, 11:59
Коллаж: ulysmedia.kz.

Жалпы хоккей клубтарындағы ойыншылардың айлығы әлеуметтік желіде қызу талқыланатын тақырыптардың бірі. Ойыншылардың айына 30-40 млн, жылына 400 млн теңгеден асыра ақша алуына қарсылар көп. Бұл қаншалықты әділетті және өзін-өзі ақтай ма? Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Өте өзекті сұрақ. Бұл мәселе қазір қызу талқыланып жатыр. Министрлік спортты дамыту мақсатында 7 жылдық тұжырымдама әзірлеп, бекітті. Ондағы негізгі мақсат – отандық спорт мектептерінің түлектерін қолдау. Мысалы, хоккейден өткен әлем біріншіліне қатысқан ұлттық құрамада бір легионер болған жоқ. Өзіміздің жігіттер ел намысын қорғады. Үш жеңіске қол жеткізді, тарихта алғаш рет Норвегияны жеңді. Өйткені олар осы елде туып-өскен, осы елдің абыройы үшін жанын береді. Сондықтан спорттың қай түрі болмасын, өз спортшыларымызды қолдауға басымдық беріп отырмыз”, – деді министр.

Десе де, Оралов кейбір спорт түрлеріне легионерлерді тарту қажеттілік екенін айтты.

“Егер легионерлер біздің спортшыларымызға жақсы ықпал етсе, олармен де жұмыс жасауға болады. Дегенмен ең алдымен өзіміздің спорт мектептерінің түлектерін қолдауымыз керек” дейді ведомство басшысы.

Сондай-ақ, министр ойыншылары миллиондап жалақы алатын спорт клубтарын қаржыландыру мәселесіне де тоқталды.

“Қазір заңға өзгерістер енгізіліп жатыр. Жергілікті әкімдік болсын, министрлік болсын, кәсіби спорт клубтарына 1,2 млрд теңгеден артық қаржы бөле алмайды. Біз бұл мәселені қайта қарап жатырмыз. Өз жастарымыздың спортқа қызығушылығын, ынтасын басып тастамас үшін легионерлерден арыла бастаймыз”, – деп сендірді министр.

Айта кетейік, бұдан бұрын барлық ҚХЛ хоккейшісінің, оның ішінде астаналық «Барыс» ойыншыларының жалақысы жарияланған болатын.

Серіктес жаңалықтары