×
441.58
480
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.58
480
4.86

Қазғарыштың өрт жайлы дерегін екі министрлік 8 маусымда-ақ білген

13.06.2023, 11:07
Коллаж: Ulysmedia.kz

Үкімет басшысының орынбасары Роман Скляр Қазғарыштың Абай облысындағы өрт жайлы карта-мәліметін Экология және табиғи ресурстар министрліг мен ТЖМ 8 маусымның өзінде білгенін мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Қазақстан ғарыш сапары бұл күндері штатты режимде жұмыс істеген. Бұл жағдай ТЖМ ситуациялық орталықта көрсетілген. Өрттің басталғаны туралы орман шаруашылығы да білген. Алайда қайталап айтайын: өкінішке қарай жағдайды, өрттің ауқымын  бағалай алмай қалған», - деді Роман Скляр үкімет кулуарында.

Роман Склярдың сөзіне қарағанда, 8 маусымда өрттің басталғаны туралы Қазғарыш мәліметі бірден Экология министрлігіне де, ТЖМ-ге де жеткізілген.

Еске салайық, 8 маусымда “Семей орманы” аумағында өрт  тұтанған болатын. 9 маусым күні кешке қарай оның аумағы 60 мың гектарға дейін ұлғайып үлгерді. Осыған байланысты Семей қаласында төтенше жағдай жарияланды.

Абай өңірінде ел тарихындағы ең ірі өртке байланысты Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Юрий Ильин қызметінен босатылып, жаңа министр тағайындалды. Абай облысының әкімі өз міндетін дұрыс атқармағаны үшін сөгіс алды.

Өртпен арпалысып жүріп 14 адам қаза тапты. «Семей орманы» Новошульба филиалының 14 қызметкерінің фотосуреттерін Экология министрі Зүлфия Сүлейменова жариялады. Мемлекет басшысы шетелге сапарынан бас тартып, өңірге арнайы барып, қаза тапқан орманшылардың отбасына көңіл айтты.

Қаралы қайғыға байланысты 12 маусым елімізде Аза тұту күні болып жарияланды.

Абай облысына аттанған үкіметтік комиссия 10 күн тергеу жүргізіп, өртті сөндіру кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының бұзылуына жол берген адамдарды анықтамақ.

Серіктес жаңалықтары