×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Ержан Еркінбаев вице-министр болып тағайындалды

20.10.2021, 09:47
фото: Ашық дереккөзден

Ержан Еркінбаев мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды. Ол Ғабидолла Әбдірахымовтың орнына келді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Ержан Еркінбаев 1982 жылы 7 маусымда Жамбыл облысының Шу қаласында дүниеге келген. 

2002 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын, 2005 жылы Алматы экономикалық университетін «Банк ісі» мамандығы бойынша тәмамдаған. РФ президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын және Халықаралық бизнес академиясын бітірген.

2002-2003 жж. - Capital Partners компаниялар тобының заң бөлімінде заңгер. Capital Partners компаниясында Ақтау және Атырау қалаларындағы халықаралық қонақүйлер кешендерін дамыту жөніндегі жобалар жетекшісі.

2003-2005 жж. - Mariott Aktau Hotel, Mariott Atyrau Hotel, Mariott Executive Apartments Atyrau қонақүйлер кешендерін іске қосу жөніндегі жобалардың жетекшісі.

2005-2009 жж. - Capital Partners компаниясының жобаларды дамыту жөніндегі бөлім директоры. Capital Partners компаниясының басқарушы директоры, білім беру саласындағы халықаралық жобалар департаментінің жетекшісі. 

2009-2013 жж. - «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортының бас директоры.

2013-2016 жж. - «Медеу» спорт кешенінің бас директоры.  

2016-2019 жж. -  Алматы мемлекеттік зоологиялық паркінің директоры.

2019 жылғы 28 қазаннан бастап - Kazakh Tourism ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының басқарма төрағасы.  

Cондай-ақ Haileybury UK халықаралық британиялық мектептерінің тәуелсіз директоры, Алматы қалалық мәслихатының 6 шақырылымының депутаты.

Бұған дейін Ғабидолла Әбдірахымовтың қызметінен кеткені және енді инвестиция тарту бойынша бизнес жобалармен айналысатыны туралы хабарлаған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары