×
441.41
477.78
4.84
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.41
477.78
4.84

Өңірлердегі тозығы жеткен жылу жүйелерін жаңғырту олигархтарға жүктелуі мүмкін

21.06.2023, 15:46
primeminister.kz

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин елдегі жылу беру жүйесінің күрмеуі көп мәселесін шешуге дәулеті тасыған олигархтарды тартуды ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

«Тарифті үнемі көтере беруге болмайды, ал бюджетте шектеу бар. Инвестиция мәселесі де тарифке байланысты болады, өйткені инвестицияны қайтару керек. Бұл тұрғыда тиісті ұсыныс жасамақпын. Бізде Forbes-те тіркелген 160 миллионер мен миллиардер бар. Соның бастапқы 20-сын еліміздегі аталған мәселелерді шешуге көмектесу үшін жиырма өңірге бөліп беру керек сияқты. Бұл адамдар мемлекет байлығынан пайда тауып, дәулетті болды. Енді осы адамдар халыққа, мемлекетке көмектесуі керек деп санаймын», - деді депутат палата отырысында.

Бұған дейін Павлодар, СҚО, Абай, Ақмола облыстары, Алматы және басқа қалалардағы жылумен қамтушы компаниялар тарифтерді көтеруге өтінімдер бергені хабарланған болатын.

Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары Мирас Зеріпбаев ол қтінімдер қандай жағдайда қанағаттандырылатынын түсіндірді.

Ал Жоғары аудиторлық палатаның басшысы Наталья Годунова жылумен жабдықтау тарифтерін көтермесе, елдің көп қаласы Екібастұздың күйін кешуі мүмкін екенін айтты.

 

Серіктес жаңалықтары