×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Атырау облысының 4 тұрғыны жастарға терроризмді насихаттаған

22.06.2023, 11:51
фото: ашық дереккөзден

Атырау облысында жастарға терроризмді насихаттаған 4 адамдық топ ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, топ құрамында Құрманғазы ауданының 4 адамы болған.

«Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының, Құрманғазы аудандық полиция бөлімі мен «Арлан» арнайы жасағының қызметкерлері 16 маусым күні сағат 7:30 шамасында терроризмді насихаттады деген күдікке ілінген 4 адамды ұстады. Күдіктілер – Құрманғазы ауданының 39, 35 және 33 жастағы тұрғындары. Ұсталған күдіктілердің бәрі Құрманғазы ауданының жастарына теріс жат ағымның ілімін насихаттағаны үшін бақылауға алынған. Олардың тұрғылықты мекенжайларын тексеру кезінде Қазақстан аумағында таратуға тиым салынған діни әдебиеттер мен түрлі насихаттық жадынамалар, ұялы телефондар мен 2 пышақ тәркіленді. Айғақ заттардың бәрі қылмыстық іске тіркелді», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір полиция қызметкерлері ұсталған күдіктілерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 256-бабымен (Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру) сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. 

Еске салсақ, бұдан бұрын Атырау мен Шымкентте терроризмді насихаттағандар сотталған.

Серіктес жаңалықтары