×
$
443.62
€
492.24
₽
5.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
443.62
€
492.24
₽
5.36

Мұрат Нұртілтеудің жаңа орынбасарлары тағайындалды

25.08.2023, 14:17
Мұрат Нұртілтеудің жаңа орынбасарлары тағайындалды

Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрінің орынбасарларын тағайындады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Мемлекет басшысының өкімімен Әлібек Әсетұлы Бақаев пен Назира Нұртүлеуқызы Нұрбаева Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасарлары лауазымына тағайындалды”, – делінген Ақорда хабарламасында.

Айта кетейік, Сыртқы істер министрі қызметіне биылғы жылдың сәуірінде Мұрат Нұртілеу  тағайындалған.

Оған дейін бұл қызметті атқарған Мұхтар Тілеуберді жуырда Қазақстанның Аустрия Республикасындағы  елшісі болды.

 

Сізге қызық болуы мүмкін