×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Мәскеу әуежайлары жабылды

28.08.2023, 09:18
foto-ram.ru

Мәскеудің Домодедово және Внуково әуежайларының жұмысы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ресейлік БАҚ-тың мәліметінше, 28 тамыз, дүйсенбіге қараған түні әуежайлар ұшақтарды қабылдауды және жөнелтуді тоқтатты. 

"Внуково мен Домодедовода 15-тен рейс кешіктірілді", –  деп жазды  РИА Новости.

Әлеуметтік желілерде аталмыш әуежайларда аспанда белгісіз немесе қауіпті нысандар табылған кезде енгізілетін "Кілем" жоспары жарияланғаны хабарланды.

Естеріңізге сала кетейік, жақында Мәскеуде аптасына бірнеше рет ұшқышсыз ұшу аппараттарына байланысты әуежайлар жабылды. 26 тамызда Мәскеудің барлық әуежайы "Кілем" жоспарының енгізілуіне байланысты  жабылды.

Серіктес жаңалықтары