×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Жеңіс Қасымбектің жаңа орынбасары тағайындалды

04.09.2023, 13:09
gov.kz

Ерсін Өтебаев Астана әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ерсін Өтебаевтың мемлекеттік қызметте 11 жылдан аса жұмыс істеген. Мамандығы – инженер-құрылысшы, құқықтану. 2012 жылдан бастап "Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" ММ (Талдықорған қаласы) маманы, 2012 жылғы желтоқсаннан 2015 жылғы 15 ақпанға дейін – облыс әкімінің ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің бас инспекторы, "Алматы облысы әкімінің аппараты" ММ (Талдықорған қаласы) маманы болып жұмыс істеді.

Соңғы 8 жыл ішінде "Астана қаласының коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу басқармасы" ММ, "Астана қаласының активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы" ММ басшысының орынбасары, басшысы лауазымдарын атқарды.

Айта кетейік, 2022 жылдың желтоқсанынан бері Астананы Жеңіс Қасымбек басқарып келеді.

Серіктес жаңалықтары