×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Шымбұлақ, Алакөл және Rixos: Қазақстандағы туризмнің келешегі қандай

14.01.2024, 10:12

Rixos Aktau айналасындағы жанжалдар, жол бойындағы дәретханалардың жағдайы немесе Алакөлге жету мүмкіндігінің жоқтығы – мұның бәрі көзге түрпідей тиіп, Қазақстанның туризмі тұралап жатқандай әсер қалдырады. Елімізде алаңсыз демалатын тамаша жерлер көп болса да шетел асып қыдыруға ұмтылып тұратынымыз рас. Себебі, ішкі туризмдегі қолайсыздықтар жүйкеңді тоздырып, қалтаны қағатынын көріп жүрміз. 

Жыл сайын қомақты қаражат бөлініп, дамудың даңғыл жолын айқындап алған туризм саласына не жетпейді?  Ulysmedia.kz алаңында туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев саланың барлық артықшылықтары мен кемшіліктері туралы айтуға келісті.

Ол бұл саланың жілігін шағып, майын ішкен бас кураторы. Қай жерде қандай олқылықтар бар және немен мақтан тұтуға болатынын біледі. Сондай-ақ, біз сұхбат барысында ұлттық бизнестің рөлін, "Қазақтуризм" ұлттық компаниясын қаржыландыру, дәретхана тапшылығы және тағы басқа өзекті тақырыптарды талқыладық.

Сұхбаттың толық нұсқасын YouTube арнамыздан көріп, бөлісе отырыңыздар.

Серіктес жаңалықтары