×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Бармақтай баққа зәру болған сәт» : Елена Рыбакинамен эксклюзив сұхбат

18.01.2024, 19:05
«Бармақтай баққа зәру болған сәт» : Елена Рыбакинамен эксклюзив сұхбат
Фото: Ulysmedia.kz

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Аустралия ашық біріншілігінің екінші айналымындағы жеңілісінен кейін (Рыбакина – Блинкова 4:6, 6:4, 6:7 (20:22) баспасөз конференциясында Ulysmedia сұрақтарына жауап берді. 

– Лена, өте өкінішті. Бұл спорт мансабыңыздағы ең қиын матч па? Эмоцияңызды айта аласыз ба?

– Дәл осындай қиын әрі ұзақ матч ойнағаным есімде жоқ. Қарсыласым Анна Блинкова өте тамаша ойнады. Допты іске қосуы да керемет болды. Мен де берілмеуге тырыстым. Теннисте кейде бір ойыншы ыңғайлы, ал екіншісі ыңғайсыз болады. Сәттілік біреуінің, кейде екіншісінің жағында болып жатады. Матчтың қорытындысын 1-2 соққымен шешу кезінде дәл осы сәттілік пен бақ ауадай қажет.

– Сіздер ойнаған шешуші тай брейк Үлкен Дулыға тарихында қалады. Жеңіліп немесе жеңіп жатқанда не туралы ойладыңыз?

– Шешуші супер тай-брейкта ақылыма неше түрлі ойлар келіп-кетіп жатты. Өте жоғары деңгейде ойнай беру оңай емес. Бір ұпай, бір соққы ғана матчтың тағдырын шешті. Білемін, қарсыласқа жеңісті бермеу үшін кейбір соққыларым жақсы өтіп жатты, күрестім, бірақ маған керек кезінде болмай қалды.

– Жоспарыңыз қандай? Қайда барасыз?

– Дубайға ұшамын. Негізі Абу Дабидегі турнирге қатысуды жоспарлағанмын. 

– Әлеуметтік желіде барлығы сіздің әдемілігіңізге тәнті. Әйгілі маркалардан қандай да бір ұсыныс түсті ме? Жалпы модельдік әлемінде өзіңізді байқағыңыз келе ме? Себебі сізді Мария Шарапова (Ресей), Анна Иванович (Сербия) сияқты есімдермен салыстырып жатады.

– (Күлімсіреді) Білмеймін. Әзірге ешқандай ұсыныс түспеді. Агентімнен сұрау керек. Егер ұсыныстар түсіп жатса, әрине, мен қуана-қуана қарастырамын.

– Лена, сізге көп рахмет!

Еске сала кетейік, Аустралия ашық біріншілігіндегі ең басты үмітіміз, әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина турнирдің екінші айналымында Ресей теннисшісі Анна Блинковадан 3 сет, супер тай-брейк нәтижесінде ұтылып қалған болатын. Есеп 4:6, 6:4, 6:7 (20:22).

Бұрын Анна Данилинаның екінші айналымға өтпегені белгілі болған еді.

Сондай-ақ, Елена Рыбакина матчтарға қатысу рекордын жаңартқаны хабарланған.

Ерик Ильясов, Мельбурн