×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Australian Open: Анна Данилина екінші айналымға өте алмады

18.01.2024, 10:21
Фото: Ulysmedia.kz

Анна Данилина словакиялық Виктория Грунчаковамен бірге жұптық сынның бірінші айналымда АҚШ теннисшілері Кэролайн Доулхайд пен Питон Стирнске қарсы шеберлік байқасты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz тілшісі.

Қазақстандық-словакиялық жұп жаңбыр себебімен тоқтатылып, бірнеше сағатқа созылған тартысты матчта 7:6, 4:6, 4:6 есебімен жеңіліс тауып, жарыс жолынан шығып қалды.

Алайда Анна жарыстан кетпейді, өйткені аралас (микст) жұптық сында Аргентина өкілі Андрес Молтенимен өнер көрсетеді. Қарсыластары Джейми Фурлис және Эндрю Харрис. Матч ертеңге жоспарланған.

Естеріңізге сала кетейік, дәл осы аралас жұптық сында жерлесіміз Анна Данилина  Харри Хеллиоварамен бірге (Финляндия) US Open-2023 титулын ұтып алған еді. 

Бүгін Аустралия ашық біріншілігінде Елена Рыбакина екінші айналымдық матчын ресейлік Анна Блинковамен өткізеді.

Естеріңізге салсақ, турнирдің жалпы сыйақы қоры 86,5 млн Аустралия долларын құрайды. Былтырға қарағанда 13 пайызға артқан.

Жекелей сында жеңімпаздардың әрқайсысы 3,15 млн доллардан қалталарына салады. Финалист 1,7 млн ұтса, жартылай финалға шыққандар 990 мың доллардан алады. Турнирдің бірінші айналымында жеңілген спортшылар бос қайтпайды. Олардың әрқайсысына 120 мың доллардан үлестіріледі.

Ulysmedia.kz тілшісіне берген Елена Рыбакинаның сұхбатын мына сілтемеден оқуға болады.

Ерік Ілиясов, Мельбурн

Серіктес жаңалықтары