×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

33 мың көрермен. Рыбакина ойнаған күні рекорд жаңартты

17.01.2024, 12:00
Фото: Ulysmedia.kz

Қазақстанның Аустралиядағы үміті Елена Рыбакина кеше, яғни 16 қаңтар күні турнирдегі алғашқы матчын өткізген еді. Аустралия теннис федерациясының хабарлауынша отандасымыз өнер көрсеткен күні (кешкі сессия) турнирге келген көрермендер саны бойынша рекорд жаңартылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Күндізгі сессияға келген көрермендер: 46 009
Кешкі сессияға келген көрермендер: 33 495
Сейсенбі күнгі жалпы көрермендер саны: 79 504

Сейсенбі кешкі сессияға тиесілі алдыңғы рекорд 2023 жыл: 29 875 

Теннис әлемінде Елена Рыбакинаға деген қызығушылықтың артып жатқаны белгілі. Оның бірнеше себебі бар: Рыбакина былтырғы Australian Open турнирінің финалисті, әлемнің үшінші ракеткасы және Wimbledon 2022 Үлкен Дулыға турнирінің чемпионы.

Естеріңізге салсақ, турнирдің жалпы сыйақы қоры 86,5 млн Аустралия долларын құрайды. Былтырға қарағанда 13 пайызға артқан.

Жекелей сында жеңімпаздардың әрқайсысы 3,15 млн доллардан қалталарына салады. Финалист 1,7 млн ұтса, жартылай финалға шыққандар 990 мың доллардан алады. Турнирдің бірінші айналымында жеңілген спортшылар бос қайтпайды. Олардың әрқайсысына 120 мың доллардан үлестіріледі.

Ulysmedia.kz тілшісіне берген Елена Рыбакинаның сұхбатын мына сілтемеден оқуға болады.

Ерик Ильясов, Мельбурн

Серіктес жаңалықтары