×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Құрылысы тоқтаған үйлерді салып біту үшін Үкімет Ұлттық қордан ақша бөлетін болды

26.02.2024, 08:30
Коллаж: ulysmedia.kz.

Ұлттық қордың қаражаты қайтарымды негізде бөлінеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қаражат бұдан бұрын да бөлінген

– Аяқталмаған проблемалық құрылыс объектілерінің айтарлықтай санын, сондай-ақ азаматтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайына кері әсерін ескере отырып, Ұлттық қордан қаражат бөлу тетігі қабылданды. Ұлттық қордың қаражаты қайтарымды негізде бөлінетінін ерекше атап өту қажет, - делінген Олжас Бектеновтың сенаторларға берген жауабында.

Ресми ақпаратқа сәйкес, 2019-2022 жылдар аралығында Астана қаласында проблемалық 118 нысанның құрылысы аяқталып, 12 мыңға жуық үлескердің тұрғын үй мәселелері шешіген. Осы мақсаттарға 214,6 млрд теңге бөлінген (Ұлттық қор 60 млрд теңге, РБ – 
38,5 млрд теңге, ЖБ 38 млрд теңге, кредит қаражаты – 50,1 млрд теңге).

Мемлекет заңды қалай күшейтеді

Жалпы Үкімет «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» заңға біршама өзгеріс енгізгелі жатыр. Оған сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тартуға тыйым салынады, мұндай мәміле жарамсыз деп танылады. Алдын ала шарттар нақты құрылыс салушы өзінің міндеттерін тиісінше орындамаған жағдайда, халыққа объекті құрылысының аяқталуына кепілдік бермейді.

Жаңа проблемалық объектілердің пайда болуына және құрылыс салушылардың заңнаманы айналып өтіп, үлескерлердің қаражатын тартуына жол бермеу мақсатында Үкімет осы саладағы мемлекеттік реттеуді күшейту жөніндегі түзетулерді әзірлеген. Олардың бір шоғыры мынадай:

  • салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үйлерде тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды сатып алуға байланысты алдын ала шарттар жасасуға тыйым салу;
  • үлескерлердің ақшасын заңсыз тартқаны үшін құрылыс жұмыстарын одан әрі тоқтата тұрып, айыппұл санкцияларын (300-ден 2000 АЕК-ке дейін) ұлғайту;
  • үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсаты болмаса, жарнамаға тыйым салу;
  • «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» ҚР Заңын реттеу саласына «аз қабатты құрылыс» ұғымын енгізу;
  • салынып жатқан тұрғын үй нарығында үлескерлердің ақшасын тартудың заңдылығы бөлігінде ЖАО-ның мониторинг жүргізуі;
  • салынып жатқан тұрғын үйді қолма-қол ақшасыз нысанда сатып алу-сату бойынша мәмілелерді жүзеге асыру.

Сарапшылар қоғамдастығымен және мемлекеттік органдармен талқылаудың қорытындысы бойынша бұл түзетулер Парламент Мәжілісіне енгізіледі.

Серіктес жаңалықтары