ОПЕК+ мұнай өндірісін қысқарту жөніндегі келісімді 2025 жылға ұзартты. Бұл жайлы альянс 2 маусымда өткен отырыстың қорытындысында жазылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұған дейін келісім бірқатар елдердің ерікті қысқартуын ескермей, 2024 жылдың соңына дейін есептелген болатын.
Жаңа шарттарға сәйкес ОПЕК+ елдері үшін 2025 жылға арналған жалпы мұнай квотасы ұлғайтылды. Егер бұрын рұқсат етілген өндіріс деңгейі тәулігіне 39,425 млн баррельді құраса, онда 2025 жылдың қаңтарынан бастап ол БАӘ үшін квотаның ұлғаюының арқасында тәулігіне 300 мың баррельге өсіп, әулігіне 39,725 млн баррельді құрайды. Альянс мұны былай түсіндіреді:
"БАӘ үшін қажетті өндіріс деңгейі тәулігіне 300 мың баррельге көтерілді. Бұл өсім 2025 жылдың қаңтарынан бастап 2025 жылдың қыркүйек айының соңына дейін кезең-кезеңімен жүзеге асырылады".
Сонымен қатар, ОПЕК+ қатысушы бірнеше елдер өндірісті 2024 жылдың ішінде тәулігіне 1,7 млн баррельге және 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында тәулігіне 2,2 млн баррельге өз еркімен төмендетеді.