×
451.77
485.97
5.07
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
451.77
485.97
5.07

«Федерациядан бірге сұрайық»: Спорт министрлігі Черчесовтың айлығын білмейді

05.06.2024, 10:13
Коллаж: ulysmedia.kz.

Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып келген Станислав Черчесовтың айлығын білмейтін болып шықты. Ол осы сұрақты қойған журналистерге «федерациядан бірге сұрауды» ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Вице-министр не дейді?

Серік Жарасбаевқа қойылған сұрақ пен жауапты сөзбе-сөз ұсынамыз:

– Қазақстан тарапы Станислав Черчесовты Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкерлігіне шақырды ма?

– Бізде бекітілген заң бойынша әрбір федерация өз қалауы бойынша бас бапкерді таңдауда өз ұсынысын береді. Адиев жұмысын босатқаннан кейін федерация бізге өз ұсынысын жіберді. Біз келістік. Бірақ оның жалақысы, басқа да мәселесін федерация өзі шешеді.

– Жалақысы жөнінде ештеңе білмейсіз бе? Айлығы 50 млн теңге деген ақпарат тарады.

– БАҚ-та ол жайлы көп әңгіме болып жатыр. Оны не растауға немесе жоққа шығару нем (...) жоқ. Футбол федерациясы арқылы ресми түрде нақтылау керек.

– Федерация бұл құпия деді. Бұл қаншалықты дұрыс деп ойлайсыз?

֪– Соларға бірлесіп ресми түрде сұрақ қояйық.

– Вице-министр ретінде не дейсіз? Құпия болу керек пе, әлде болмау керек пе?

– Заң бойынша, әрбірінің жалақысы құпия. Егер олардың өздерінің келісімшарттары сондай болса. Келісімшартта солай жазылады. Сондықтан, федерация арқылы білу керек.

– Бюджеттің ақшасы болғандықтан, халықтың білуге құқығы жоқ па?

– Әрине, егер бюджеттен төленіп жатса, халықтың білуге құқығы бар. Егер федерация өз тарапынан жеке меншік ретінде төлесе, басқаша.

– Сіздер міндеттей алмайсыздар ма?

– Оны заңды түрде қарастыру керек.

Еске сала кетейік, таяуда Станислав Черчесов футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып тағайындалған еді. 

Ресейлік футбол жаттықтырушысы, футболшы, КСРО және Ресей құрамаларының қақпашысы Станислав Саламович Черчесов 1963 жылы 2 қыркүйекте Солтүстік Осетия Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының Алагир қаласында (қазіргі Солтүстік Осетия-Алания Республикасы) дүниеге келген.

Футболды туған жеріндегі «Спартак» мектебінде бастаған.

Серіктес жаңалықтары