×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Үкімет тарайды: Ақшолақов кабминде қалғысы келе ме

14.03.2023, 11:25
Фото: Ulysmedia.kz

Энергетика министрі Болат Ақшолақовқа журналистер үкімет кулуарында бүгін бірнеше сұрақ қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сайлаудан кейін әдетте үкіметтің тарайтыны белгілі. Осыған байланысты министрге журналистер бірнеше сұрақ қойған.

«Үкімет тарауы мүмкін бе? Әлде президент сіздерге әлі де сенім білдіре ме?» деген сұраққа министр «оны білмеймін» деп жауап берді. «Қалай жұмыс атқардыңыз?» деп қойылған сұраққа Ақшолақов «қолымыздан келгенше жұмысты атқардық» деді.

Журналистер: Келесі кабминнен сізді көруіміз мүмкін?

Министр: Оны мен білмеймін.

Журналистер: Қалғыңыз келе ме?

Министр: Ол қызмет қой (күлді). Тапсырма болса жұмыс істейміз. Болмаса көреміз.

Журналистер: Қалай жұмыс істеп жатырмын деп ойлайсыз?

Министр: Оны халық айтсын.

Журналистер: Егер президент үкіметті дәл қазір таратып жіберсек реніш болмай ма?

Министр: Жоқ, әрине.

Журналистер: қазір сіздердің көңіл-күйлеріңіз «чемоданный» емес пе?

Министр: Жоқ, осындай орында олай жасауға болмайды. Болашақта көреміз.

Серіктес жаңалықтары