×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Жоғарғы сот жұмысын сынаған адвокатты лицензиясынан айыруы мүмкін

10.04.2023, 09:34

Белгілі адвокат Мұрат Адам  Жоғарғы сот жұмысына сын айтып, шағымданғаны үшін адвокаттық лицензиясынан айырылуы мүмкін екенін мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Заңгер 11 сәуірде Жоғары сотта өтетін отырыста Павлодар облысы әкімінен зардап шеккен кәсіпкердің мүддесін қорғайтынын атап өтті.

"Сол күні мені адвокаттық лицензиямнан айыру туралы қаулы шығарылатыны анық! Өкінішке қарай, кейбір қалаусыз адвокаттарды жазалаудың осындай тетігі бар және олар сол туралы жариялау үшін мені күтіп отыр ", - деп атап өтті адвокат.

Ол өзінің дәйектеріне 100 пайыз сенімді екенін айтты.

Ulysmedia.kz порталының YouTube арнасына берген сұхбатымда Самал Ибраеваның сұрақтарына жауап беру барысында мен Жоғарғы соттың қазіргі басшысы Мерғалиевпен жеке жағымсыз қарым-қатынастарфм туралы ашық және шынайы айттым. Мен Сенатқа кандидатураны Жоғарғы судья лауазымына тағайындауға болмайтыны туралы жазып,  барлық дәлелдерді қоса бердім. Бірақ тым кеш болды және менің сөзімді елемеді", - деп жазды Мұрат Адам.

Сондай-ақ, ол Жоғарғы сотта ОСК-ның әрекеттеріне қатысты арыз әлі қаралмағанын айтты – бұл сот ісінде адвокат пен сайлауға қатысқан үміткерлер сайлау қорытындылары мен Орталық сайлау комиссиясының әрекетсіздігіне наразы.

"Арыз 3 сәуірде берілді, ал сот оны 5 жұмыс күні ішінде қарауға және шешім шығаруға міндетті ! "дейді адвокат.

Айта кетейік, Мұрат Адамның YouTube арнамызға берген сұхбатын төмендегі сілтеме бойынша көруге болады.

Серіктес жаңалықтары