×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Жұмыссыз қалған жаңаөзендіктер наразылық білдіру үшін Астанаға келді

10.04.2023, 22:02
Фото: Ulysmedia.kz

Жаңаөзендегі «БерӘлі Маңғыстау Company» мекемесінің жұмыстан қысқарған 80-нен астам жұмысшысы Астанаға келіп, Энергетика министрлігі ғимаратының алдына жиналды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Олардың бәрі «Өзенмұнайгаз» компаниясынан жұмыс талап етеді. Жұмыссыз қалған жаңаөзендіктер мәселеміз шешілмей министрлік алдынан кетпейміз дейді. Түнімен қонуға бекініп отыр.

Жаңаөзен қаласынан келдік. БерӘлі мекемесінде жұмыс істеп жатқан жерімізден «тендерден жеңіліп қалды» деді. Өзенмұнайгаз компаниясына барып жұмыс сұрадық. Тендерден жеңілгеннен кейін осында келген жұмысшылардың бәрі жұмыссыз қалды. Өзенмұнайгаз компаниясының бізге берген жұмысы қанағаттандырмады. Ол жақта әділдік жоқ. Осы жаққа келіп әділдік іздеп отырмыз.

Бала-шағамыз үйде аш жатыр. Осы күнге дейін ешқандай табыс келіп жатқан жоқ. Ешқайда бармаймыз. Үйіміз жоқ. Министрлік қызметкерлерін күтеміз. Шамамен 3 сағат болды осында жүргенімізге. Ешкім әлі шыққан жоқ, - дейді жұмыссыз қалған Бердіқожа Тәжібаев атты азамат.

Мұнай саласында оператор болып 10 жылдан бері келе жатқан Бақыт Тәшқараевтың да қызметтестерімен мәселесі ортақ.

Неше жылдан бері еңбек дауымыз шешілмей келе жатыр. Былтыр да келіп кеткенбіз. Үкіметтен сұраймыз, талап етеміз. Қашанғы жүреміз? Жұмыс көлемін ала алмай қашанғы жүреміз? Жыл сайын осылай келіп тұрмаймыз ғой. ЖШС мекемелері жоқ болуы керек. Үкіметке беру керек.

Шыдамның да шегі бар. Маңғыстауда мәселемізді шешпейді. Шешілгенше осында боламыз, – дейді ол.

Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев болса Ulysmedia.kz тілшісіне берген жауабында қазіргі уақытта жұмысшылармен диалог жүргізіліп жатқанын айтады.

«Келіссөздер жүріп жатыр. Жағдай бақылауда. Өзім жұмыс орнымдамын. Жаңаөзенде жұмыс орындары кезекпен беріледі. Ертең жұмысшылармен омбудсмен мен ҚазМұнайГаз өкілдері кездеседі», - дейді министр.

«Өзенмұнайгазға» компаниясына еншілес «БерӘлі Маңғыстау Company» мекемесінде істейтін 100-ден астам мұнайшы 1 сәуірден бастап жұмыссыз қалғанын айтып, тұрақты жұмыс талап етіп келеді. Олар әуелі Маңғыстау облысының өзінде наразылыққа шығып, Жаңаөзен әкімдігі алдына және «Өзенмұнайгазға» барған. Осы жолы Астанаға келіп отыр.

Мұның алдында «Өзенмұнайгаз» компаниясы тендер жариялап, бұл тендерді «КезБи» компаниясы жеңіп алған. Ал «Өзенмұнайгаз» бен «БерӘлі Маңғыстау Company» мекемесі арасында келісімшарт тоқтаған.

Серіктес жаңалықтары