×
439.4
473.54
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.4
473.54
4.76

«Қымбатшылықтан үкіметке деген сенім лимиті азайып бара жатқан жоқ па»

25.04.2023, 11:47
Коллаж: ulysmedia.kz.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров үкіметтің бүгінгі отырысында инфляцияны бақылау жұмысы қалай жүргізіліп жатқанын айтып берді. «Қымбатшылықтың беті қайтарар» деген трендтерді атады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қуантыров не дейді?

Үкіметтің бүгінгі отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров «инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі шаралар кешенін өзектілендіру мәселесі бойынша» баяндама жасады.

Бұған дейін де Қазақстан экономикасы 2022 жыл бойы инфляциялық қысымның жағдайында жұмыс істегені айтылған-тын. Жыл соңына қарай инфляция өз шарықтау шегіне жетіп, 20,3% көрсеткен.

Үкімет мүшелері былтыр жыл бойы инфляцияның өсуіне бірқатар фактор, соның ішінде ішкі нарықта да, сыртқы нарықта да сұраныстың артуы, сондай-ақ мигранттар ағынына байланысты тауар тапшылығы себеп болғанын айтумен болған. Биыл да соны қайталап жатыр.

Әлібек Қуантыров бүгін 2023 жылдың негізгі трендтері ретінде:

  1. жаһандық инфляцияның орташа жылдық деңгейінің 2022 жылғы 8,8%-тен 2023 жылдың 6,6%-ке дейін төмендеуін;
  2. экономиканың жаһандық өсуінің жартысына жуығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін Қытай нарығының ашылуын;
  3. орталық банктердің базалық мөлшерлемелерді көтеруін;
  4. жаһандық жеткізу тізбегіндегі кедергілердің әлсіреуін;
  5. сондай-ақ, геосаяси шиеленістің сақталуын атап өтеді.

«Инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі 2023-2024 жылдарға арналған бекітілген Кешенді жоспар 67 іс-шарадан тұрады. Оның 20-сы орындалып, 47 іс-шараның іске асырылуы 2023 және 2024 жылдары жалғасады. Шаралар кешенін өзектендіру шеңберінде министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірге, негізінен, өнім өндіруді ұлғайтуға бағытталған 46 жаңа шара әзірледі. Үкімет өз алдына инфляцияны нысаналы дәліз шекарасында ұстап тұру және тауарлар тапшылығына жол бермеу міндетін қойып отыр», - дейді Қуантыров.

Министр жаңартылған іс-шаралар кешені 5 бағыт бойынша іске асырылып, өндіріс көлемін арттыруды, тауарларды сақтауды, логистиканы, бөлшек сауданы, бағаны белгілеудегі бақылауды, монополияға қарсы әрекеттерді және сыртқы сауданы реттеуді көздейтін, сондай-ақ басқа да жүйелі 93 жедел және орта мерзімді сипаттағы шараны қамтитынын жеткізеді.

«Біздің экономикамыз бейімделді»

Отырыс барысында премьер-министр Әлихан Смайылов Әлібек Қуантыровтан үйлестіру жұмысы қалай жүргізіліп жатқанын сұраған. Қуантыров үйлестіру жұмысы бойынша мониторинг күшейетінін, облыс әкімінің орынбасарлары апта сайын, премьер-министрдің орынбасарлары ай сайын қымбатшылық мәселесін талқылап бас қосатынын айтты.

Үкімет отырысынан кейін Ulysmedia.kz тілшісі Қуантыров «сіздер қаншама отырыс өткізсеңіздер де, халық оның пайдасын белгілі бір деңгейде сезінбей тұр. Инфляцияның жоғарылығы, азық-түліктің қымбатшылығынан үкіметке деген халықтың сенім лимитін азайып бара жатыр деп есептемейсіз бе?» деп сұрады.

«Қараңыз, инфляция қазір ең үлкен проблема. Былтырдан, тіпті пандемиядан кейін басталды. Логистикалық проблемалар өте көп болды. Былтыр ақпан айында соғыс басталғанда көлік және логистикалық проблемалар пайда болды. Біздің экспортымыз бен импортымыз Ресей аумағы өтетін. Тек бізде емес, бүкіл аймақта. Ол жаһандық проблема. Рекордтық инфляция АҚШ-та, Германияда болды. Өзбекстанда болған. Кейбір шекаралар жабылды. Қандай экономика болса да ашық экономика. Көршілес елдермен саудада болады. Бізде де солай болды. Біздің экономикамыз адаптация жасады. Әрине осы жұмыс жалғастырамыз», - дейді Қуантыров.

Серіктес жаңалықтары