×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Біреуде қаралы күн, біреуде – ойын-сауық: Мамин мен Жақсыбеков Түркияда футбол тамашалап жүр

12.06.2023, 08:23
Біреуде қаралы күн, біреуде – ойын-сауық: Мамин мен Жақсыбеков Түркияда футбол тамашалап жүр
Telegram/Гол Емес

Бұрынғы премьер-министр Асқар Мамин мен Қазақстанның экс-мемлекеттік кеңесшісі Әділбек Жақсыбековтің Түркияда, Чемпиондар лигасының финалдық матчында жүрген суреттері тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ойын Стамбұлдағы Ататүрік стадионында өтті. Ағылшынның “Манчестер Ситиі” итальяндық “Интерді” жеңді.  

Стадион маңында кезек күткен адамдар арасынан жұрт Мамин мен Жақсыбековті де байқап қалған.

Еске салсақ, қаңтардағы оқиғаларынан кейін премьер-министр Мамин бастаған үкімет отставкаға кетті. Содан кейін Үкіметтің бұрынғы басшысы ел алдына көп шыға қойған жоқ.

2022 жылдың қыркүйегінде Маминнің Мәжілістің бұрынғы спикері Нұрлан Нығматулинмен және  Әділбек Жақсыбековпен Астанадағы мейрамханалардың бірінде түскен суреті тараған болатын.

Еске салайық, 8 маусымда “Семей орманы” аумағында өрт  тұтанған болатын. 9 маусым күні кешке қарай оның аумағы 60 мың гектарға дейін ұлғайып үлгерді. Осыған байланысты Семей қаласында төтенше жағдай жарияланды.

Абай өңірінде ел тарихындағы ең ірі өртке байланысты Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Юрий Ильин қызметінен босатылып, жаңа министр тағайындалды. Абай облысының әкімі өз міндетін дұрыс атқармағаны үшін сөгіс алды.

Өртпен арпалысып жүріп 14 адам қаза тапты. «Семей орманы» Новошульба филиалының 14 қызметкерінің фотосуреттерін Экология министрі Зүлфия Сүлейменова жариялады. Президент шетелге сапарынан бас тартып, өңірге арнайы барып, қаза тапқан орманшылардың отбасына көңіл айтты.

Қаралы қайғыға байланысты 12 маусым елімізде Аза тұту күні болып жарияланды.