×
441.44
473.09
4.75
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.44
473.09
4.75

Абай облысында өрт басталғанда экс-министр Ильиннің Дубайда жүргені рас па

14.06.2023, 09:23
Коллаж: Ulysmedia.kz

Төтенше жағдайлар министрлігі ведомствоның бұрынғы басшысы Юрий Ильин Абай облысында өрт басталған кезде БАӘ-де болған деген ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Министрлік бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлім етті: 8-9 маусымда Юрий Ильин жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барған.

"Жұмыс сапарының бірінші күні ол облыс орталығының жанында салынып жатқан ТЖД Өрт сөндіру қызметінің Жедел-құтқару жасағының кешеніне, Петропавлдың Береке шағын ауданындағы өрт депосы кешенінің құрылыс аумағына барды. Келесі күні ТЖМ басшысы облыс тұрғындарымен кездесу өткізіп, БАҚ үшін брифинг өткізіп, ҮЕҰ өкілдерімен кездесті. Министр Абай облысындағы өртке және өртті сөндіруге тартылған күштер мен құралдарды үйлестіру қажеттілігіне байланысты Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарын тоқтатты", – деп түсіндірді ТЖМ.

Айта кетейік, бұдан бұрын ІІМ басшысы Марат Ахметжанов өртті дер кезінде ауыздықтай алмаған экс-министр Юрий Ильиннің әрекеті тексерілетінін мәлімдеді.

Еске салсақ, 8 маусымда “Семей орманы” аумағында өрт  тұтанған болатын. 9 маусым күні кешке қарай оның аумағы 60 мың гектарға дейін ұлғайып үлгерді. Осыған байланысты Семей қаласында төтенше жағдай жарияланды.

Абай өңірінде ел тарихындағы ең ірі өртке байланысты Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Юрий Ильин қызметінен босатылып, жаңа министр тағайындалды. Абай облысының әкімі өз міндетін дұрыс атқармағаны үшін сөгіс алды.

Өртпен арпалысып жүріп 14 адам қаза тапты. «Семей орманы» Новошульба филиалының 14 қызметкерінің фотосуреттерін Экология министрі Зүлфия Сүлейменова жариялады. Мемлекет басшысы шетелге сапарынан бас тартып, өңірге арнайы барып, қаза тапқан орманшылардың отбасына көңіл айтты.

Қаралы қайғыға байланысты 12 маусым елімізде Аза тұту күні болып жарияланды.

Абай облысына аттанған үкіметтік комиссия 10 күн тергеу жүргізіп, өртті сөндіру кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының бұзылуына жол берген адамдарды анықтамақ.

Сондай-ақ, бұдан бұрын ІІМ басшысы Марат Ахметжанов өртті дер кезінде ауыздықтай алмаған экс-министр Юрий Ильиннің әрекеті тексерілетінін мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары