×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

"Қатысым жоқ": Қуантыров інісінің қоластында жұмыс істеуіне ыңғайсызданбай ма

12.07.2023, 13:03
"Қатысым жоқ": Қуантыров інісінің қоластында жұмыс істеуіне ыңғайсызданбай ма
Коллаж: Ulysmedia.kz

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров туған бауырының (Ермек Қуантыровтың) «Қазатомөнеркәсіптің» құқықтық сүйемелдеу және сатып алу жөніндегі бас директоры қызметіне тағайындалуы туралы өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ведомство басшысы бұған ешқандай қатысы жоқ екеніне сендіріп, Ермек Қуантыровтың "тағайындаудың заңды рәсімдерінен өткенін"атап өтті.

"Иә, расында да ол – менің туған інім. Мұнда ешқандай непотизм жоқ. Менің ешқандай қатысы жоқ. Ол тағайындаудың заңды рәсімдерінен өтті. Президенттік кадрлық резервтің мүшесі, онда қабылдану өте қиын екені белгілі. Оның халықаралық құқық саласында тәжірибесі бар, бұл салада 13 жыл жұмыс істеді. Менің ойымша, ол барлық талаптарға сай келеді", - деді Қуантыров.

Сондай-ақ, журналистер министрден “Ініңізге жұмысқа қатысты ақыл-кеңес бересіз бе?” деп сұрады.

"Ол менің інім. Мен оған бала кезімнен – тәрбиеге, дұрыс жүріп-тұруға қатысты кеңестер беремін. Міне, солай", - деді ол.

Айта кетейік, 2023 жылғы 5 шілдеден бастап Ермек Қуантыров 2023 жылғы 5 шілдеден бастап Қазатомөнеркәсіптің құқықтық сүйемелдеу және сатып алу жөніндегі бас директоры лауазымына тағайындалды.

Қуантыровтың функционалдық міндеттеріне құқықтық қамтамасыз ету процесіне басшылық жасау, халықаралық-құқықтық ынтымақтастық мәселелеріне жетекшілік ету, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі қызметті ұйымдастыру, сондай-ақ кешенді басқаруды жүзеге асыру және сатып алу процестері мен Компанияның корпоративтік басқаруына басшылық жасау кіреді.

Ермек Қуантыров – президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде әртүрлі басшылық лауазымдарда жұмыс істеген, соның ішінде Ұлттық зияткерлік меншік институтын (Қазпатент) басқарды, сонымен қатар Колумбия университетінің құқық магистрі (LL.M.) дәрежесіне ие.

Ол – ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың туған інісі.

2022 жылдың 11 қаңтарынан бері ел экономикасының тізгінін ұстаған Әлібек Қуантыровтың жұмысына сын көп. Өйткені өткен жылдың қорытындысы бойынша елімізде инфляция рекордтық көрсеткішке жетті. Биылғы І тоқсанда Қазақстан халқының жан басына шаққандағы номиналды табысы 10,7% өскен. Бірақ, жылдық мәндегі инфляция мен азық-түлік бағасының, қызметтер ақысының артуына байланысты табыстың өсімін қымбатшылық еселеп жұтып жатыр. Салдарынан халықтың шынайы табысы былтырғы І тоқсанмен салыстырғанда күрт төмендеген.