×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Павлодардағы кеуіп кеткен қызғылт көлден 2 жылдан бері тоқтаусыз тұз қазылған

18.07.2023, 08:51
видеодан скриншот

Павлодар облысында қызғылт көлдің таяздануының таймлапсын жариялаған қазақстандық журналист және сарапшы Кирилл Павлов осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Видеода “Мультисервис” ЖШС тұз өндіру орны және өзгерістер хронологиясы көрсетілген.

"Видео прокуратураға көмектеседі деп үміттенемін. Әкімдікке сенбеңіз, Экология министрлігіне тіпті де. Онда ешкім өндірісті тоқтатқан жоқ. 2021 жылдан бастап көлден тұз тоқтаусыз қазылып жатыр. Тіпті оның орнына бірдеңе қайта құйылған. Олар көлді қайта толтырды деп жазып жатыр, бірақ пайдаланылған техникалық сулар құйылған сияқты. Зүлфия Болатовна, елдегі қызғылт көлдер түгел кеуіп кетті ме, әлде соған таяды ма? Мүмкін оларды ақбөкендердің қанымен толтыру керек шығар, ақыры сіз екі мәселені де қалай шешу керегін білмейсіз. Сіз экологияның ғажап министрісіз , саланы қалай басқарып жүрсіз, түсінбеймін, біздің елде бұрын-соңды мұндай қысқа мерзімде табиғатқа осыншама залал келтірілген жоқ", - деп жазды Павлов.

Айта кетсек, бұдан бұрын әлеуметтік желілерде қазақстандықтар экология министрі Зульфия Сүлейменованың Павлодар облысындағы тартылып бара жатқан қызғылт көлге қатысты мәлімдемесіне шүйліккен. Блогерлер, журналистер мен сарапшылар министр мен оның командасының бейғамдығына таң. Қазақстандықтар Сүлейменованың қоластындағылары көлді тексеруге тек сейсенбіде аттанады деген сөзін сынға алды.

Желі қолданушылары Сүлейменова қателіктерден сабақ алмайтынын атап өтті және, жауапты министрлер ТЖ орнына уақытында бармауы салдарынан үлкен зардаптарға апарып соққан Абай облысындағы өртті тілге тиек етті.

Экология министрінің жұмысын өткен аптада мемлекет басшысы да сынға алды. Тоқаев Елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте қаланы сумен қамту мәселелерін шеше алмағаны үшін Сүлейменованың министрлігіне көңілі толмайтынын жеткізді.

“Бұған дейін Экология министрлігіне қаланы сумен қамтамасыз ету үшін кешенді жұмыс жасау тапсырылды. Бірақ, әлі күнге дейін нақты нәтиже жоқ. Тіпті, осы мәселені шешуге қатысты тиімді ұсыныстар да жоқ. Тағы да қайталап айтамын: құзырлы министрлік нақты шаралар қабылдауға тиіс”, - деді президент.

Серіктес жаңалықтары