×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Кеуіп кеткен қызғылт көл: экология министрі қоғам сынына тағы ілікті

17.07.2023, 12:38
фото: ашық дереккөзден

Әлеуметтік желілерде қазақстандықтар экология министрі Зульфия Сүлейменованың Павлодар облысындағы тартылып бара жатқан қызғылт көлге қатысты мәлімдемесіне шүйлікті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Блогерлер, журналистер мен сарапшылар министр мен оның командасының бейғамдығына таң. Қазақстандықтар Сүлейменованың қоластындағылары көлді тексеруге тек сейсенбіде аттанады деген мәлімдемесін сынға алды.

“Комиссия бүкіл ұйымдастыру жұмыстары аяқталған соң сейсенбі күні жолға шықады” деп жазған еді министр.

"Кеш емес пе", - деп жауап береді оған әлеуметтік желідегі жұрт.

Желі қолданушылары Сүлейменова қателіктерден сабақ алмайтынын атап өтті және, жауапты министрлер ТЖ орнына уақытында бармауы салдарынан үлкен зардаптарға апарып соққан Абай облысындағы өртті тілге тиек етті.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте қаланы сумен қамту мәселелерін шеше алмағаны үшін экология министрінің жұмысын сынға алған.

“Бұған дейін Экология министрлігіне қаланы сумен қамтамасыз ету үшін кешенді жұмыс жасау тапсырылды. Бірақ, әлі күнге дейін нақты нәтиже жоқ. Тіпті, осы мәселені шешуге қатысты тиімді ұсыныстар да жоқ. Тағы да қайталап айтамын: құзырлы министрлік нақты шаралар қабылдауға тиіс”, - деді Тоқаев.

Серіктес жаңалықтары