×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

"Неге жұмыс істемейсіз?": Астаналықтар саябақтағы бейберекет құрылыс үшін Сүлейменоваға шүйлікті

25.07.2023, 17:46
Коллаж: Ulysmedia.kz

Астанадағы "Городской романс" кварталының тұрғындары бірнеше айдан бері дабыл қағып келеді. Президент саябағында Bi Group компаниясы түрлі бұзушылықтармен жаңа көпір салып жатыр, барлық қалдықтар Есіл өзеніне төгілуде. Сондай-ақ, осы саябақта Bi Group тиісті рұқсатсыз кезекті тұрғын үй кешенін салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жақын маңда тұратын астаналықтар экология министрлігіне бірнеше рет жүгінгендерін, алайда олардың шағымдарына ешкім құлақ түрмегенін айтты. Әкімдік те сынға ілікті.

Айта кетейік, саябақ министрліктер үйі мен Ақордадан таяқ тастам жерде орналасқан.

"Біздің саябақта құрылыс салдарынан жануарлар, құстар қырылып жатыр, ағаштар өліп, өзен ластануда. Біз экология министрлігінен көмек сұрадық. Ақордадан небәрі екі минуттық жерде тұрса да, кері байланыс болған емес. Тікелей эфир кезінде Зүлфия Болатқызына осы сұрақты қойдық, ол бұл мәселені әкімдік шешуі керек деп жауап берді.

Зүлфия Болатқызы, сіз бұл мәселенің экологиялық жағын көрмейсіз бе? Министр ретінде сіз бұл бірінші кезекте сіздің жұмысыңыз екенін түсінбейсіз бе? Неліктен сіз біздің сұрауларымызды елемейсіз, неге жұмыс істемейсіз? Біз сіздің жұмысыңызға риза емеспіз, біздің жұмысымызға қалай қарайтыныңызға көңіліміз толмайды", - деді тұрғындар.

Естеріңізге сала кетейік, сәуір айында "Городской романс" элиталық кварталының тұрғындары митингке шыққан. Олар үйлердің бір-біріне жабыстыра салынып жатқанына наразылық білдірді, алайда биліктен жауап болған жоқ.

Серіктес жаңалықтары