×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Кооператив немесе "пирамида": Оралда үйлі болғысы келгендер алаяқтарға қалай алданды

28.07.2023, 14:21
Ulysmedia.kz

"Ақшамызды қайтарыңдар!" - осындай талаппен  Орал тұрғындары алаңға шықты. Мәселенің бәрі әкімдіктің көз алдында туындап, өрбіп жатқанына қарамастан, шаһар басшылығы митинг өткізуге рұқсат берген. Ашуланған қала тұрғындары алаяқтарға жем болғандарын айтады – пәтер ұсынған, ақша жинап алған да ғайып болған. Наразылық акциясына Ulysmedia.kz тілшісіне де барды.

Наразы топ өздерін Батыс Қазақстан облысының тұрғыны Динара Мұқаниярованың құрбанымыз деп атады. Ол өзінің алғашқы “Свой дом” атты кооперативін 2016 жылы тіркеген.

Неден басталды?

Сол уақытта Мұқаниярова жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында несие тарихы нашар, табысы аз, зейнетақы жинақтары және кепілі жоқ адамдарға баспана алуға көмектесетіні жайлы жарнамалық мақалалар жариялай бастады. Барлығы әдемі және тартымды көрінді, тіпті "Тұтыну кооперативтері туралы" заңға сілтеме берілді. Кооператордың сөзін  кілттерін алып, қоныс тойын тойлап жатқан бақытты оралдықтар жайлы бейнероликтер әсерлендіре түсті. Кооператив менеджерлері де сенімді көрінді – мұнтаздай таза ақ жейделер мен галстуктар “біз алдамаймыз” деп айқайлап тұрғандай болды.

Тұрғындарға болашақ пәтер құнының 20 немесе 50%-ын, айталық 2-3 миллион теңгеден бастапқы жарна ретінде төлеу ұсынылды. Оларға пәтер алғашқы салымдарға сатып алынатынын түсіндірді, содан кейін оның иесі ай сайын ақшаны қайтаратыны айтылды. Әрі қарай тізбек бойынша – кезек алға жылжиды, ал ақша кассада үнемі "айналып жатады".

Пирамидалық схема

Схеманың өзі мінсіз емес – біріншіден, ешкім жаңа салымшылардың кезекке қосылып кетпейтініне кепілдік бермейді, екіншіден, жылжымайтын мүлік бағасы тез өсуде, кезек салымшыға жеткенше, ол осы ақшаға пәтер сатып ала ала ма, жоқ па – белгісіз. Сонымен қатар, пәтер сатып алғандардың ай сайынғы төлемдерінің сомасы да құнсызданады. Десе де, салымшылар арасында баспана алып үлгерген бақытты адамдар да бар. Бірақ бұл ұзаққа созылмады. Кооператив мүшелерінің айтуынша, төраға кассадаға қаржыны өз қалауынша жұмсаған. Мәселен, 2020 жылы "Свой дом" тұтыну кооперативі мүшелері тығырыққа тірелді – салымшылардың қарызы 150 млн-нан асты, ал 2022 жылы сома 500 мл теңгеге дейін өсті. Алайда, Мұқаниярова ол кезде кооператив төрағасы болған жоқ.

"Ескі әрі жаңа кооператив"

Көп ұзамай Орал қаласында "жаңа" “Пәтер Хаус" атты тұтыну кооперативі салымшылар жинай бастады. Тұрғындардың сөзінше, басшысы мүлдем басқа адам болғанымен, ондағы жұмыстың бәрін Мұқаниярова ұршықша иірген. Айтпақшы, митингке “Пәтер Хаус" кооперативінің құрбандары ғана шықты. Ұйым әлеуметтік желілерден жоғалып кетті, сайты жұмыс істемейді, бірақ жаңа "Пәтер Он" кооперативі пайда болды – салымшылар бұл “қайта тірілген” "Пәтер Хаус" екеніне сенімді.

 – Біз "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде" ақша жинадық – бір жарым миллион жинадық, содан кейін бір досымыз  "Патер Хаусқа" қаржы салуды ұсынды. Біз бұл пирамида емес пе деп сұрадық. Ол пирамида емесіне сендіріп, үш айда адамдар баспана сатып алғанын айтты. Біз кооперативке аша салып, бір бөлмелі пәтер сатып алу туралы келісім жасастық. Бірақ уақыт өткен соң біз пәтер алмақ түгілі салған ақшамызды қайтарып ала алмайтынымызды түсіндік, - дейді кооператив мүшелерінің бірі Светлана.

Әйел кооперативпен келісімшартты бұзып, ақшасын қайтаруды талап еткен, бірақ олар оған сот арқылы қайтарған күнде де, инфляция “жеп” қойғандықтан болмашы сомаға ғана қол жеткізе  алатынын айтқан.

Заң, тергеу изоляторы, үй қамағы

Алданған салымшылардың сөздеріне сүйенсек, ұйымдастырушылар заңды жетік біледі, жазадан құтылу жолын және заңнамадағы олқылықтарды барлық жағынан пайдаланады.

- Адвокаттар уақытты созу үшін мүлдем қажет емес сараптамаларды тағайындайды, тергеу үш жылға жуық уақытқа созылып кетті. Полиция да асығар емес, бес тергеуші ауыстырылды. Ұйымдастырушы Динара Мұқаниярова алдымен тергеу изоляторында отырды, содан кейін оны үйқамаққа ауыстырды. Ол қамсыз өмір сүріп жүр, біз оны қалада көрдік. Бірақ қоңырауларға жауап бермейді және ештеңе түсіндірмейді, - дейді алданған салымшы Амангелді.

Көмек керек!

Оралдықтар алаяқтарды қатаң жазалау туралы жақында айтылған сөздерін еске салып, ел президентінен іске араласуды сұрады.

- Иә, біз алаяқтардың қармағына тап болдық. Бірақ, мемлекет оларға жұмыс істеуге мүмкіндік бергені үшін жауап беруі тиіс, өйткені бұл кооперативтер Әділет министрлігінде ресми түрде тіркелген! Осы елдің азаматтары ретінде біз өз құқықтарымызды қорғауға және әділ тергеуге құқығымыз бар", - деді олар президентке.

БҚО ПД баспасөз қызметі кооператив ұйымдастырушысы Динара Мұқанияроваға қатысты 2020 жылдан бастап "Пәтер Хаус" кооперативінің 28 мүшесінің өтініші бойынша қылмыстық іс жүргізіліп жатқанын хабарлады. Ол қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айыпталып отыр – "Ұрлық" және "Қаржы пирамидасын ұйымдастыру және басқару".

Ведомство залалдың 36 миллион теңгені құрайтынын атап өтті, бірақ салымшылар оның ондаған емес, жүздеген миллионды қалтаға басқанын айтады.

- Жоғарыда аталған қылмыстан басқа күдікті Мұқаниярова тағы екі қылмыстық іс – ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі бойынша "Кінәліге сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену және жымқыру" және ҚР ҚК-нің 217-бабы 3-бөлігі "Қаржы пирамидасын құру" бойынша жауапкершілікке тартылады, - деп хабарлады БҚО ПД.

Серіктес жаңалықтары