Зардап шеккендер, олардың арасында түрлі елдерден келген туристер мен экипаж мүшелері бар, Пхукет ауруханаларына жеткізілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Соңғы мәліметтерге сәйкес, зардап шеккен 14 адам Vachira Phuket Hospital ауруханасына, 4 адам — Siriroj Hospital-ға, тағы бір адам Пхукеттегі Dhibuk Hospital-ға жеткізілді. Ауруханаға жатқызылғандардың басым бөлігінің, оның ішінде балалардың да жағдайы тұрақты деп бағалануда. Бірнеше адам медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ауруханаға жатқызылмай, дәрігерлердің бақылауына қалдырылды.
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР
Катер бортында барлығы 55 адам болған, олардың ішінде 8 Қазақстан азаматы болған. Барлық зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта ҚР-ның 3 азаматы ауруханада жатыр және дәрігерлердің бақылауында, олардың жағдайы тұрақты деп бағалануда. Шығындарды сақтандыру компаниясы өтеп жатыр. Консул азаматтармен тұрақты байланыста болып, қажетті көмекті көрсетіп отыр.
ТЕРГЕУ
Катер капитанына немқұрайды қарау бойынша айып тағылмақ, сондай-ақ алкоголь мен есірткіге қатысты тест нәтижелері күтілуде. Полиция оқиғаның себептерін, соның ішінде қозғалыс жылдамдығы мен навигация ережелерінің сақталуын тексеріп жатыр. Таиланд билігі теңіз тасымалының қауіпсіздігін күшейту шараларын енгізетінін мәлімдеді.