×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

«Шымбұлақ» Гиннестің рекордтар кітабына енді

27.03.2023, 08:11
Shymbulak

«Шымбұлақ» тау шаңғысы курорты ресми түрде «Әлемдегі ең биік түнгі тау шаңғы трассасы» номинациясы бойынша Гиннестің рекордтар кітабына кірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Guinness World Records офисінің судьясы Шейд Субаши-Гемиджи тау шаңғы курортының бас директоры Ринат Абдрахмановқа әлемдік рекордты растайтын сертификатты табыс етті. Салтанатты рәсім және рекорд нәтижесін ресми тіркеу - теңіз деңгейінен 3200 метр биіктікте «Талғар асуы» станциясында өтті.

Шара соңында қызыл лента салтанатты түрде кесіліп, ең биік түнгі тау шаңғысы трассасымен төмен қарай жаппай сырғанау өтті.

Айта кетейік, теңіз деңгейінен 3200 метр биіктікте түнгі шаңғымен сырғанау 2021 жылдың қарашасында басталған еді. Осы уақыт ішінде жүздеген мың адам түнгі уақытта ең жоғары нүктеден түсіп үлгерді.

Тау шаңғы курортының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2021-2022 жылғы маусымда түнгі шаңғымен сырғанауға 50 346 турист келген, биылғы маусымда 10% есе көп келді, яғни, 55 486 келушілер болды.

Сонымен қатар, 2021-2022 жылғы маусымда күніне 12 520 адам келсе, биылғы маусымда курортқа 1 миллионнан астам адам келіп үлгерген.

Серіктес жаңалықтары