×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Арселор шахтасында жұмысшылар қырылды. Назарбаев жауап бере ме?  Ал далада киікті қырып жатыр - Ұлысапта

30.10.2023, 07:50

Аптаның соңы қайғылы оқиғамен ұласты. Қазанның 28-і Қазақстанның тарихында тағы бір қаралы күні болып қаларын кім білген?! Қарағанды өңіріндегі үздік деген Костенко шахтасындағы апаттың салдарынан 42 кенші бақилық болды. Бірнеше кенші әлі күнге дейін жер астында. Іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Апат болған сәтте жер астында 252 кенші болған. Төтенше жағдай сол баяғы «АрселорМиттал Темиртау» акционерлік қоғамына қарасты учаскеде тіркелді.  Президент бүкіл еліміз бойынша 29 қазан - Жалпыұлттық аза тұту күні етіп жариялады.

Сондай-ақ, Ұлыс аптада мына тақырыптарды да бір саралап шықтық:

Республика күніндегі митингтер қалай өтті? Тоқаев айтқан адал азаматтар кімдер? 

Марапаттар жыры. Хэйттің астында алған Әли Оқапов “Құрмет” медалінен бас тартты. 

Ал бұрынғы Әділет миниттрі Марат Бекетаевтың шекара аспақ болған кезде ұсталғаны расталды. 

Айпақшы, Қайрат Боранбаевпен қатар Қайрат Сатыбалды да бостандыққа шығуы мүмкін. 

Қазақстанда  қосымша құн салығы артпақ. Ол дегеніміз баға тағы өседі деген сөз. 

Киік атып, ет сатпақ болған. Киелі киікті атып, қазақ қарқ бола ма?

Серіктес жаңалықтары