×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

28 жасымда $1 млн таптым. Ақжол Жұмағұловтың Америкадағы жолы

14.12.2023, 07:47

Ulysmedia.kz. Oyan, qazaq. Podcast жобасының тұсауын кесті. «Оян Қазақ-жаңа қазақ тіліндегі подкаст, жастарға арналған контент. Алғашқы қонағымыз Америкадан бизнес ашып, Forbes-қа кірген жас қазақ Ақжол Жұмағұлов

Ақжол Америкадан қалай бизнес ашқаны, сонымен қатар неліктен елдегі жақсы қызметін тастап Америкаға кеткендігі жөнінде айтып берді. Америкадағы зорлық-зомбылық, отбасылық құндылықтар және де кредит туралы да сөз қозғалды.

Oyan, qazaq. Podcast жобасының авторы Самал Ибраеваның айтуынша, бастама қазақ жастарының білімді, сауатты болуына үлес қосуды көздейді.

“Әрі ойланып, бері ойланып атауын “Oyan, qazaq. Podcast” деп атадық. Сол, Міржақып Дулатұлы айтып кеткен месседжді жалғастырсақ деген ниеттеміз. Жеке басым жастардың білімді, сауатты, жан-жақты, сондай-ақ саяси ұстанымы дұрыс қалыптасқанын қалаймын. Сондықтан бұл әлеуметтік жобаны тек подкаст ретінде ғана емес, елінің болашағына, өзінің келешегіне бей-жай қарамайтын жастардың бірлескен алаңы ретінде қарастырамын, солай дамытуға тырысамын”, – деді Самал Ибраева.

Жобаны Бексұлтан Жұмаханов пен Нұрбол Құралов тізгіндейді. Олар подкаст меймандарымен әсерлі әңгіме құруға тырысады. Олай болса, алғашқы түсірілімді тамашалап, өз бағаңызды беріңіз. 

Подкасттың толық нұсқасын youtube арнамыздан тамашалай аласыздар.

Серіктес жаңалықтары