×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Халықтың наразылығы басылар емес. Тоқаевпен кездескен олигархтар. Путин сұраған “көмек” - Ұлысапта

24.12.2023, 19:02

Ulysmedia.kz порталы жылдың соңғы апталарының бірін қорытындылады. Жаңа жылға жақын кезеңде елде маңызды жаңалықтар мен айтулы оқиғалар аз болған жоқ.

Ұлыс аптаның кезекті шығарылымы елімізде болған басты оқиғаларға арналады. Саяси шолуымызда көтерілген мәселелер: 

Алматыдағы апат жаға ұстатты. Шопыр әйелге қол көтерген жолаушының кесірінен 3 адам қаза тапты.

Маралдыда тағы шу. Алтын фабрикасының салынуына қарсы халықтың ашуы басылмай тұр.

Батыстағы ереуіл екінші апта жалғасуда. Билік пен мұнайшылар ортақ шешімге әлі күнге дейін келе алмай отыр.

”Мінез-құлқы тұрақсыз»: Қайрат Сатыбалды мерзімінен бұрын босатылмайды. 

Абақтыда отырған Думан Мухамедкәрім Ермұрат Бәпи мен Ринат Зайытовқа хат жолдады. 

Астанада Тоқаев тағы бір топ олигархтармен кездесті. Олардың арасында, арпа ішінде бір бидай демекші, сенатордың да қызы бар.

ҚТЖ-дағы былық толастар емес. Компания басшысы Нұрлан Сауранбаев отставкаға кете ме? 

Ресей Пригожиннің бүлігі кезінде Тоқаевтан көмек сұрапты. Бірақ Ақорда бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Ал Путин қазақстандықтар үшін Ресей азаматтығын алуды әлдеқайда жеңілдетіп жатыр.

Шолудың толық нұсқасын YouTube арнамыздан көріп, бөлісе отырыңыздар.

Серіктес жаңалықтары