×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Назарбаев мектептеріндегі өзгерістер: қаржының қысқаруы мен жаңа талаптар

27.01.2024, 23:05

Ulysmedia.kz порталының бас редакторы Самал Ибраева “Назарбаев зияткерлік мектептері” басқарма төрағасы Әнуар Жанғозинмен сұхбаттасып, оқу орындағы ахуал мен олардың алдағы тағдыры жайлы сұрады. Нұрсұлтан Назарбаевтың мектептермен қазіргі байланысы туралы да айтылды.

Қазақстанда соңғы уақытқа дейін еліміздің экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған және оның атымен аталған Назарбаев Зияткерлік мектептері барлық мектептердің “атасындай” саналып келгені жасырын емес.

Бұл мектептерге барлық игіліктер қолжетімді. Қомақты қаржыландыру, ең үздік мұғалімдер, ең ыңғайлы жағдай, қысқасы жеке дара оқшауланған білім ордасы десек артық айтқанымыз емес.

НЗМ-нің табалдырығын аттау баланың жақсы өмірге жолдама алғанын, кейін беделді Батыс университеттеріне түсетінін білдіргендей үрдіс қалыптасты. Алайда,  Жаңа Қазақстанның басталуымен ахуал біршама өзгерді. Мектептерді қаржыландыру күрт қысқарды, тіпті, олардың атын өзгерту туралы да айтыла бастады. 

Назарбаев Зияткерлік мектептері – Қазақстанның барлық қалаларында 7-12 сынып оқушыларына арналған мектептер желісі. Оларда 71 мыңға жуық оқушы оқиды. Бұл - Қазақстан оқушыларының жалпы санының шамамен 1,7 пайызы (3,9 млн). Мектептер Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне аталған.

Сұхбаттың толық нұсқасын YouTube арнамыздан көріп, бөлісе отырыңыздар.

Серіктес жаңалықтары