Қазақстанда АЭС салуға осымен үшінші мәрте талпыныс жасалып жатыр. Алғашқысы 1996 жылы, одан кейін 2008 жылы болған. Енді, міне, үшіншісі. Күзде референдум өтуі тиіс. Салу-салмау тартысына сол кезде нүкте қойылар, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
АЭС салуды қолдайтындардың позициясы түсінікті. Энергия тапшылығынан сақтану. Болжам бойынша 2035 жылға қарай Қазақстанда жарық көзінің дефициті 3 мВат-қа жетуі мүмкін. Сол үшін қазірден қуаты 2,5 мВат болатын екі атом реакторын салу қажет. Оның құрылысы кемі 10 жылға жалғасады. Соңғы буынмен салатындықтан қауіпсіз дегенді де келтіреді. Осы тұста қарсы тараптың да бірнеше сұрағы бар: Атом электр станциялары Қазақстанға қажет пе? Бұл мәселе қаншалықты өзекті? Шынымен электр тапшылығы бар ма? Әлде ол қолдан жасалған тапшылық па? АЭС-тің салынуы бізге не береді? Ертең тариф өсіп кетпей ме? Референдум не шешеді? Көріп отырғандарыңыздай, сұрақ тым көп.
Осы орайда, сұхбатқа «Қазақстанның электроэнергетикалық қауымдастығы» төрағасы Талғат Темірхановты шақырған едік.