×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Қазаққа жер иесі екенін сезіндіргім келеді | Теріскейге «жорық» бастаған Бурахан

24.11.2021, 16:02

Бурахан Дақанов - әлеуметтік желіде белсенді. Кесек тұлғасы, қайсар мінезі, еркеше ойларымен көп оқырманға танымал. Биыл Алматы облысынан Солтүстік Қазақстанға мемлекеттік бағдарлама арқылы қоныс аударған. Теріскейде қазақ санын көбейтуге үндеп жүрген жан. Арманы - осыны іске асыратын қор ашып, 500 отбасын солтүстікке көшіріп әкелу. Бұл видеода Бураханнан бөлек, биыл Шал ақын ауданындағы Сергеевка ауылына қоныс аударған өзге де кейіпкерлермен танысуға болады. Әркім өз жоспарымен, арманымен бөліседі.  

00:00:15 – Бураханның үндеуі

00:00:53 – Тегін аттың тісіне қарамайды

00:01:40 – Ұлыс Медианың Бураханға базарлығы

00:02:00 - Қабырғадағы ерекше картина жайлы

00:02:35 – Алаштың мықтыларының 50%-ы Солтүстікте туған

00:03:10 – Алпауыттар дүниеге келген жерде қазақтар аз

00:04:13 – Көшіп келгендерге берілетін үйдің іші қандай

00:04:52 – Шаштараз Анардың басынан кешкендері

00:06:20 – СҚО-ға келгені дәрі ішуді қойып кеттім

00:07:09 – Бурахан қандай қор құрғысы келеді

00:08:25 – СҚО-дағы үйлерді «южандар» салған

00:09:37 – Екі жағы түгел орман

00:10:08 – Шаштараз Анар қалай клиенттер тапты

00:11:30 – СҚО-ға қай мезгілде көшкен дұрыс

00:12:22 – Жетісайдан көшіп келген Файзулла

00:13:08 – 6 мың га жерге егін еккендер Мальдив аралдарына жатады

00:14:12 – Қазаққа жердің иесі екенін сезіндіргім келеді

00:15:30 – СҚО-да шөп қаншадан

00:16:40 – Файзуланның қойлары қоздап жатыр

00:17:20 – Бір бай, үш кедей көшіп келуі керек

00:18:28 – Оңтүстіктің проблемасын Солтүстікке тығып жатыр

00:19:12 – Тегін жатқан тезек жоқ

00:19:35 – Үкімет берген үйге қанша төлейсің

00:21:32 – Баланың мұрны қанамайтын болды

00:22:10 – Сергеевка Керей мен Арғынның жері

00:22:35 – 60-70 жыл тұрып жатқан адамдардың үйінде су жоқ

00:23:03 – Үкімет бәріне бірдей жағдай жасасын

00:23.40 – Бураханның бизнес жоспары

00:24:45 – Рухани аш адам бәрінен қауіпті

00:26:23 – «Теріскейге жорық» телеграм каналы

00:27:00 – «Переселендерге» қалай жұмыс тауып беру керек

00:28:50 – Файзулла 50 қаз сатып алады

00:30.35 – Бағдарламаның тағы бір шикілігі

00:32:45 – Еду туда, незнаю куда

00.33:10 – Бұл жақта конкуренция жоқ

00:34:15 – Файзулланың жылқылары неге арық

00:34:42 – Файзулланы ағайындары қалай шығарып салды

00:35:20 – Мынау біздің мини орман

00:35:43 – Бурахан фильмге қосқысы келмеген видео

00:36:01- Бурахан рухты өлең оқыды

Анықтамалық ақпарат: Биыл Қазақстанның оңтүстігінен солтүстікке қоныс аударушылар үшін тұрғын үй сатып алуға 2 жылға 12 млрд теңгеден астам қаражат бөлінетіні хабарланды.

Бұл қаражатқа 1,7 мың дайын бір пәтерлі үй сатып алу жоспарлануда. Биыл – 714, ал келесі жылы – 1 мың.

Қоныс аударушыларға төленетін төлемдерге 2,4 млрд теңге қарастырылған.

Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда облыстары, Алматы, Шымкент және Нұр-Сұлтан жұмыс күші артық өңірлер деп аталды. Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында жұмысшылар жетіспейді.

Осы қаражатқа барлығы 7 мыңнан астам адамды немесе 2 мың отбасын қамту жоспарланып отыр.

Еңбек министрлігінің ақпаратына сәйкес, отбасының әрбір мүшесіне көшуге біржолғы төлем 35 АЕК (2021 жылы 102,1 мың теңге).

Сондай-ақ, тұрғын үйді жалдап, оның коммуналдық қызметтеріне де ақы төлеу бойынша қаражат қарастырылған.

Серіктес жаңалықтары