×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қазақ тілін үйреніп, қазақ қоғамына қосылғым келеді – АҚШ азаматтары асырап алған Әнел Ниязбекова

20.09.2024, 09:18

Журналист Жанар Байсеміздің «Шетелдегі қазақ балалары» тележобасы арқылы халық Әнел Ниязбекованы таныды. Елі мен жерін аңсап Қазақстанға келген Әнел қазір елде әке-шешесін іздеп жүр. Ulysmedia.kz қандасымыздан сұхбат алып, оның өмірі, көзқарасы мен жоспары жайлы әңгімелесті. 

Анасын іздеуді тоқтатпаған қаракөзіміздің әңгімесін тыңдап, елге оралу жоспарын білу үшін сұхбатқа тарттық. Ұлыс ұжымы Әнелдің туған-туысын табуына тілектес.

Ulysmedia.kz порталына берген сұхбатында Әнел АҚШ-тағы өмірі, асырап алған ата- анасымен қарым қатынасы, туған анасы жайлы айтады. Қазақ тілін үйреніп Қазақстанда қалғысы келетінін жеткізеді. Қазір өзі қазақ мәдениетін үйреніп жүр. Қазақ қоғамына қосылғысы келеді. Төрт жасында АҚШ-қа апарған кезінде тілі қазақша шыққан Әнел ол жақта ағылшын тілін үйренуіне тура келген. Қандасымыз сонымен қатар, алдағы жоспарын да айтты.