×
527.3
544.86
4.95
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
527.3
544.86
4.95

«Қазақстанда өсу қиын»: Америкада қалғандардың арманы не — арнайы репортаж

05.01.2025, 21:23
«Қазақстанда өсу қиын»: Америкада қалғандардың арманы не — арнайы репортаж
Ulysmedia коллажы

Ulysmedia.kz порталының АҚШ-қа сапары аясындағы арнайы репортаждың бірінші бөлімінде ғалымдармен, халықаралық қаржы ұйымдарының, алып компаниялардың қызметкерлерімен сұхбаттасқан едің. Шығарылым көрерменнің ерекше қызығушылығын тудырды, алуан түрлі пікір жазылды. Портал бұл жолы АҚШ-қа сапар барысында түсірілген арнайы репортаждың екінші бөлімін ұсынады.

Екінші бөлімнің кейіпкерлері - АҚШ-та оқитын және оқуын аяқтап өнер жолын қуған қазақ қыздары. 30 жылдан бері мұхиттың ар жағында тұратын, 
бұл күнде америкалыққа айналған отандастастарымыз. Балаларының болашағы үшін көшіп кеткен қазақтар. Әрқайсының тарихы өз алдына қызық әңгіме. Спикерлеріміз АҚШ-қа келу жолы, бүгінгі өмірі, Қазақстан жайлы, елдегі саяси құбылыстар жайлы ойларын бүкпесіз айтты. 

Айман Стакарт - Вашингтон аймағында белгілі жылжылмайтын мүлік агенті. 90 жылдары америкалыққа тұрмысқа шығып қоныс аударған ол қазақтар көшінің динамикасын жақсы біледі. 

Айнұр Роджерс - білім қуып келіп АҚШ-та тұрақтаған отандасымыз. Солтүстік америка қазақтары қауымдастығының негізін қалаушы.

Руслан Алшымбаев - спортшы, каратэ жаттықтырушысы. Бұрынғы мемлекеттік қызметкер. Балаларының келешегі үшін АҚШ-қа көшкен. 

Айнұр Төлендиева - музыкант, скрипкашы. Америкада музыкалық карьера жасауға кірісіп кеткен қаршадай қазақ қызының Бостондағы өмірімен таныстық. 

Әсел Амангелді - Гарвард студенті. Қиын балалық шағы, оқу жолы, білім саласындағы кәсібі жайлы әңгімелейді. 

Арнаға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз.

“Америкадағы қазақтар” арнайы репортажының бірінші бөлімін мына сілтемеден көруге болады.