×
501.31
520.11
5.33
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
501.31
520.11
5.33

Қазақстандағы салық реформасы: Бюджетті құтқара ма, әлде халықты күйзелте ме?

Бүгін, 21:20

Қазақстан үкіметі ұсынған салық реформасы қоғамда үлкен алаңдаушылық тудырды. Бұған дейін салық мәселесіне қызықпаған азаматтардың өзі бүгінде ҚҚС мөлшерлемесін талқылап, бюджеттің ахуалына алаңдауда. Бұл өзгерістер неліктен енгізілді? Мемлекет қазынасы қалай таусылды? Кімдер белді қаттырақ бууға мәжбүр? Ulysmedia осы мәселелерді талдап, жауап іздеуге тырысты.

НЕЛІКТЕН САЛЫҚ ӨСЕДІ? БЮДЖЕТ АҚШАСЫ ҚАЙДА КЕТІП ЖАТЫР?

Ulysmedia.kz. бас редакторы Самал Ибраева бұл сұрақтарды қаржы сарапшысы Расул Рысмамбетке қойып, талқылады. Сарапшы жаңа салық реформасының мәнін түсіндіріп, бюджет қаржысының қайда жұмсалып жатқанын және мемлекет неге кенеттен үнемдеуге кіріскенін талдап берді.

ҚАРАСТЫРЫЛҒАН БАСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР:

  • Қазақстандық олигархтар неге ел экономикасына қаржы құюдан бас тартып отыр? Олар қорқа ма, әлде күтіп отыр ма?
  • Құрылыс компаниялары ҚҚС төлеуден қалай жалтарады? Бизнесті ондаған шағын ЖШС-ға бөлудің қандай айласы бар?
  • Қазақстанда ең үлкен артықшылық банктерде екенін неге мойындамаймыз? Мемлекет неге олардың корпоративтік салығын (КТС) көтергісі келмейді?
  • Жаңа салық реформасы бизнеске кедергі жасап, халықтың кедейленуіне әдейі бағытталған деген пікір қаншалықты шындыққа жанасады?
  • Егер биліктің өзі көлеңкелі схемаларға көз жұма қараса экономиканы «таза жолға» шығару мүмкін бе?

Сұхбаттың толық нұсқасын Ulysmedia ютуб арнасынан көре аласыздар!