×
540.84
634.46
6.43
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
540.84
634.46
6.43

Мұрат Нұртілеу "саяси өлік" пе? Қайрат Қожамжаров жазаға тартыла ма? - Ұлыс апта

Бүгін, 19:27

Ulysmedia.kz аптаның басты саяси оқиғаларын шолып шықты. Саясаттанушылар мен сарапшылардың пікірін білді.

Бүгінгі шолудың басты тақырыптары:

Жолдаудың тұздығы

Билік транзитке дайындалып кетті ме? Қазақстанда парламентті бір палаталы ету кімге керек? Депутат куәлігі кімге бұйырады, кім құр қалады? 2027 жылы ескі Қазақстанның орнына шынымен де Жаңа Қазақстан келе ме?

Билікке тартыс

Оппозициялық журналистің өліміне тапсырыс берді деп айыптаған сайт редакторын  премьер-министр орынбасары - Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеуді неге «сотқа бермеймін» деді? Әлде бұл сценарий ме? Президенттікке №1 кандидаттың репутациясын өшіру ме, әлде өсіру ме? Ал сарапшылар “Мұрат Нұртілеу енді саяси өлік” деп жатыр.

Асыловтың Қожамжаровқа күші жете ме?

Бас прокуратураны басқарған Қайрат Қожамжаровтың үстінен Бас прокуратураның өзі іс қозғады. Кезінде талай ірінің ізіне түскен «кардиналдың» ендігі тағдыры не болмақ? Соттала ма, әлде құтылып кете ме? 

Қазақ қоғамы, қайда бара жатыр? 

Әкесін қорлап, ұрып келген түркістандық азамат қамауға алынды. Қылмысты көре тұра елемегені үшін әйелі де тергеліп жатыр. Ал қарт қаза тапты. Куәгер көршілер не дейді? Сыртта жылтыр, ішінде абьюзерлер тұратын отбасы – біздің трагедиямыз ба?

Шолудың толық нұсқасын Ulysmedia YouTube-арнасынан көріңіздер.

Серіктес жаңалықтары