Ulysmedia.kz бас редакторы Самал Ибраева аптаның маңызды оқиғаларын қорытындылап шықты. Саяси шолуда көтерілген тақырыптар өзекті әрі қазақ қоғамы үшін маңызды деп есептейміз.
Ақордадағы келіссөздер. Израиль басшысы Қазақстанға не іздеп келді? Машкевич жоқ. Енді Қазақстандағы еврейлердің мүддесін кім қорғап жүр?
Лавровқа иіліп сәлем берген Абаев елдің сынына қалды. Әлде бұл дипломатиядағы ілтипат па? Ресейдің сыртқы істер министрі Қазақстанға ризамыз деді. Енді Ресейде үш қазақ мектебі ашылмақ.
Трамптың ұлдары Қазақстандағы кен орындарын игермек. Қарағанды өңірі вольфрам қоры бойынша әлемдегі ең ірі кен орындарының бірі саналады. Дәл осы бағыт бойынша Трамптың компаниясы үлес сатып алып жатыр. Қазақ бұдан не ұтады?
Ұлт араздығын қоздырған тағы бір блогер ұсталды. Желтоқсаншыларды қорлаған қыздың көздегені не? Әлде бұл әдейі жасалған әрекет пе?
Қазақстан сөз бостандығы рейтингінде төмен орын алды. Елдегі шынайы сөз бостандығының деңгейі қандай? Сарапшылардан сұрадық, халықтың пікірін білдік.
Тез баю, ақша ұту, курс сату, халықты алдау — әлеуметтік желідегі жылтыр өмірге алданбаңыздар. Әйгілі Жанәбіловтер сотынан қоғам қандай қорытынды шығарды?
Шолудың толық нұсқасын Ulysmedia YouTube арнасынан көре аласыздар.