×
470.17
547.47
6.42
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
470.17
547.47
6.42

Түркі әлемі қандай күшке айналмақ? Қытай мен АҚШ келісімі. Зеленскийге шабуыл – Ұлыс апта

Бүгін, 23:35

Ulysmedia.kz бас редакторы Самал Ибраева аптаның маңызды оқиғаларын қорытындылап шықты. Саяси шолуда көтерілген тақырыптар өзекті әрі қазақ қоғамы үшін маңызды деп есептейміз.

Қазақстан Түркия дрондарын өндіретін болды ма? Қазақстан мен Түркия әскери серіктеске айнала ма? Бұған Ресей не дейді?

Түркі әлемі жаңа күш орталығына айнала ала ма? Тоқаев пен Ердоғанның ойлағаны не?

Трамп иіліп Бейжіңге барды. АҚШ Тайвань үшін Қытаймен соғыса ма? Иранның тағдыры не болмақ? Си Цзиньпин Трампқа қандай құрмет көрсетті? Бұл сапардың астарында не бар?

Зеленскийді «нашақор» деп жар салған Юлия Мендель кім? Қансыраған Украинаға мұндай қасақана шабуыл жасау этикаға жата ма? Зеленский Донбасты беруге дайын ба?

Серік Жұманғарин бастаған салық реформасының арты шағын бизнесті жойып жатыр. 207 мың бизнес нысаны неге жабылды? Үкімет экономика өсіп жатыр дейді, бірақ халық неге сезбейді? Елдің пікірін жинадық.

Жаңа парламентке қандай депутаттар кірмек? Депутаттардың деңгейі неге тым ұсақталып кетті? Бұл саяси технологтардың қателігі ме? Ардақ Назаров, Дәулет Мұқаев кейсі нені көрсетті? Сарапшылармен талқыладық.

Шолудың толық нұсқасын YouTube арнадан көріңіздер.

Серіктес жаңалықтары