×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Жанармай удай қымбат. Халық қайтеді? Петропавлдың аты өзгере ме? Мамайдың соңғы сөзі - Ұлысапта

09.04.2023, 18:11

“Ұлысапта” жобасы кезекті шығарылымын ұсынды. Бұл жеті күнде болған оқиғалар мен тағайындаулар алдағы 7 жылда, жалпы Қазақстанның дамуына ерекше із қалдыратынын атап өткен жөн.

Шығарылым барысында алдымен үкіметтің толық жасақталғаны айтылады. Ал қайтадан тағайындалған премьер министр жанар жағармайдың қымбаттайтынын мәлім етті. Бәріміхге мәлім, жанар жағармай қымбаттаса, бәрі - тағы да қымбаттайды деген сөз.

Айтпақшы алдағы уақытта тарифтердің де бағасы өспек. Ұлысапта көрермендерін бекем болуға шақырады.

Шығыс Қазақстаннан тағы шу шықты. Маралды ауылының тұрғындары Алтын фабрикасын салуға наразылық танытып жатыр. Халықтың наразылығы басылар емес. Әзірше бұл алтын фабрикасының артында қай дөкейдің тұрғаны белгісіз. 

Дайрабаевтардың дауы. Кеше ғана мандат алған Жигули Дайрабаевтың екі ұлы алаяқтық баптары бойынша сотталды. Қоғам белсенділері енді оның парламенттен кетуін талап етіп жатыр. 

Айтпақшы, халық қанша қарсы болса да, қазақ жерінде атом электр стансасы салынады. Дәл осы миссияны орындау үшін энергетика министрі болып Алмасадам Сатқалиев тағайындалды. Мәжіліске келген судай жаңа министрді депутат Базарбек сұрақтың астына алды. Алайда, министр Сатқалиев қазақ тілін білмейтін болып шықты. 

Қазақ тілі демекші, Петропавл мен Павлодар атауын қазақшаландыру бойынша қоғам талабы басылар емес. Бірақ билік бұл талапты қыстырмайтын сыңайлы. Петропавл - Қызылжар, Павлодар - Ертіс болып өзгеруі екіталай сияқты. Ал сепаратистерге қатысты іс немен аяқталары әзірше белгісіз. 

Жанболат Мамайдың соттағы соңғы сөзі: “Прокурор өтініші қанағаттандырылса, Конституциядағы құқығым тапталғалы тұр. Менің орныма елді 30 жыл тонағандар отыруы керек”, - деп сөз бастады оппозиционер.

Апта оқиғаларына назар салып, Ұлыс аптаны көріңіздер, пікір қосыңыздар. 

Серіктес жаңалықтары