×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Орташа айлық - 340 мың теңге. Кімді алдаймыз? Жаңаөзендегі аштық. Алматыдағы митинг - Ұлысапта

08.05.2023, 01:24

Ұлысаптаның ұжымы барша қазақстандықтарды мерекемен құттықтайды. Жеті күннің ішінде жұртшылықты елең еткізген жаңалықтар легі мол болғандықтан да жоба кезекті шығарылымын әзірлеуді ұйғарды. Айшықты ақпараттың бірі – әлем елдерімен бірге Қазақстанды да әбігерге салған коронавирус пандемиясы ресми түрде аяқталды. Талай қандасымыздың өмірі қиылып жатқан індет кезінде қазынадан ақша жымқырғандар кімдер еді? Алдымен солардың атын атап, түсін түстеп, еске түсіргенді жөн көрді тілшілер.

Заңсыз митингке шыққандарды құрыққа түсіру осы аптада да жалғасты. Бұл жолы белгілі журналист Думан Мұхамедкәрім, танымал марафоншы Марат Жыланбаев, белсенді Альнур Ильяшевтар тағы қамауға алынды.  

Бұл жолы оппозиционер Жанболат Мамайға БҰҰ араша түсті. Қазақстан билігінің жауабы қандай?

Қазақстанда тұрғындардың орташа жалақысы - 340 мың теңге. Ұлттық бюро осындай хабарлама таратты. Бұл қаржының көрсеткіші қаншалықты көңілге қонады, шындыққа жанасады? Халық ендеше неге күнін көре алмай, кредитке тамақтанып жүр?

Алдында ғана Астанаға келіп кеткен жаңаөзендік жұмыссыздар енді аштық жариялауға мәжбүр. Ал ҚазМұнайГаздың әрекеті қалай өрбуде?

Аманаттық халық қалаулылары жер өртемей-ақ аттарын шығарып жатыр. Солардың бірі Анна Башинская мандатынан айырылды. 

Қазақстан Біріккен ұлттар ұйымының бас ассамблеясында Ресейді агрессор деп танитын қарарда қалыс қалды. Мұның астарында қандай мән бар? 

Арнаға жазылып, қолдау білдіріп отырыңыздар.

Серіктес жаңалықтары