Армысыз, Ұлыс апта көрермені! Ескі де жаңа Қазақстаның ең маңызды жаңалықтары біздің арнада. Бізге жазылыңыз, пікір білдіріңіз. Шындыққа бір табан жақын болайық!
Сонымен бүгінгі айтарымыз:
Астана Токиодан озып кетті ме? Министр Мусиннің сөз неге елді дүрліктірді?
Қазақстанның мұнай саласындағы Қытайдың үлесі қанша?
“Қарашығанақтан» Батыс Қазақстан облысына бөлінген қаржы кімнің қалтасына кетіп жатыр?
Мұхтар Әблязовтың сыбайласы әрі ағасы Қуаныш Нұрғазин ұсталды.
Ал РОП ісі бойынша Әлия Назарбаеваның үй қызметкері болған Шынар Мұхтарова елге қайтарылмақ. Ал Әлия Нұрсұлтанқызы Дубайда қалды.
Олигарх Қайрат Боранбаев тағылған барлық айыппен келісіп, процессуалдық келісімге қол қойса, 5 жылға сотталған белсенді Марғұлан Боранбаевты мерзімінен бұрын босату жөніндегі өтінішті сот қанағаттандырмады.
Қазақстан прокатшылары Ресейге Голливуд фильмдерін заңсыз сатты ма? Енді осы және өзге де маңызды жаңалықтарға кеңірек тоқталсақ.