Ұлыс апта көрермені ескі де жаңа Қазақстаның ең маңызды жаңалықтарын тамашалауды бұл жексенбіде де жалғастырады.
Жоба тілшілері кезекті шығарылымында да шындыққа бір табан жақын болуға тырысқан.
Бүгінгі эфирде қамтылған тақырыптар:
Аптаны шулатқан мәселе хиджаб болды. Мектепте оқушылары үшін хиджаб киюге рұқсат беру, иә бермеу жөнінде пікірталас сонау шілдеде басталған-тын. Енді оқу жылының басталуына орай тақырып өрби түсті. Хиджабтың шуы. 18 жасқа толмаған қыздар үшін хиджаб киюге тыйым салынбақ. Елді екіге бөлген даудың артында кім тұр?
Қазақстанда ең төменгі айлық 80 мың емес, 300 мың теңге болуы керек. Депутат әрі айтыскер Ринат Зайытовтың пайымы осындай. Ал бұған сарапшылар не дейді? Дұрыс пайым ба, хайп па?
Ақордадағы ауыз-түйіс. Тоқаев пен олигархтардың кездесуі қалай өтті?
Жаңадан жасақталған үкімет жабыла түсті. Әлихан Смаиловтың үкіметінің жетісіп тұрғаны шамалы еді, енді министрлер бұдан былай үкімет отырысына да келмейтін болды.
Мұнай кен орны, қонақүй, сауда орталықтары бар. Қайрат Боранбаев мемлекеттің қалтасына 90 млрд теңге тұратын активтерін қайтарды.
Алматыда атышулы сот ісі басталды. Қайрат Құдайберген мен “Дикий Арманның” айтар шындығы бар ма?
Апелляциялық соттың үкімі: экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлына шыққан үкім өзгеріссіз қалды.
Жанболат Мамайдың қорғаушысы Конституциялық сотқа шағым түсірді.
Журналистер соты. Әділ соттың өтуі екіталай.
«Алдымызға келіп ешкім кешірім сұрамады»: қаңтаршылардың туыстары әділдік іздеп Астанаға келді.