×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Ұлттық мүдде қағазда ғана, шынында қытай, өзбек, орысты асырап отырмыз – Болатбек Әлиевпен сұхбат

13.10.2023, 20:09

Ұлыссұхбаттың бүгінгі қонағы – бұрынғы мемлекеттік қызметкер, кәсіпкер әрі бүгін де Мәжіліс төрінде жүрген депутат Болатбек Нәжметдинұлы. Елдің оңтүстігінде кәсібі бар оны депутаттыққа не жетеледі деп ойларсыз. Иә, біз сұхбатымызды сол сұрақтан бастап, депутатқа ел көкейінде жүрген көп сауалды қоюға тырыстық. Кәсіпкердің Парламентке келудегі миссиясы, журналистпен соттасуы, өзінің соттылығына қатысты қауесеттер, Шымкенттегі кәсібі жайлы жазатындар көп. Бұл жайлы өзі не дейді? Бұдан бөлек ауылшаруашылығы саласындағы кемшіліктер, машина жасау, құрылыс нарығында Қазақстан мүддесінің ескерілмеуі, активтерді қайтару заңы, Қаңтар ісіндегі атышулы есімдер жайлы не ойлайды? Ұлыс сұхбаттың кезекті сұхбатын тыңдай отырыңыз.

Жалпы депутат Мәжіліс төрінде көбінесе ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік саласындағы мәселелерді көтереді. Саланы білгеннен де болар. Қатарластарымен бірге Болатбек Әлиев әлеуметтік желіде де белсенді. Өз ойын барынша дәлелдеуге тырысып отырады. 

Десе де, Әлиевтің журналиспен соттасуы “бұл қай депутат?” деп қоғамды бір жалт қаратқаны бар. Осы істің мәнін өзінен сұрап көрдік. «Депутаттық жұмыс сұмдық ауыр» дейді шын айтса… «Қазіргі Мәжілістің ықпалы зор» дейді ол.