×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Орыстар Омарованы «ресейлік барлау қызметінің сәтті жобасына» теңеді

22.11.2021, 14:34
Фото: Ашық дереккөзден

«Национальная оборона» журналының бас редакторы Игорь Коротченко «Россия 1» арнасындағы «60 минут» бағдарламасында Сәуле Омарованы ресейлік барлау қызметінің табысты жобасына теңеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Қарасақ, АҚШ-тағы сенатор «жолдас» Сәуле Омаровадан жауап алып, «комсомол қатарынан шыққаныңыз туралы дәлел хат бар ма?» деп сұрап жатыр. Меніңше, жауап алуға сенатор соншалықты дайындалмаған секілді. Мен оның есіне белгілі әнді салғым келеді: «Не расстанусь с комсомолом, буду вечно молодым». Әрине, ол комсомолмен қоштасқан жоқ. Жан-жүрегінде ол – советтік адам. Ол совет одағында, советтік дәстүр бойынша өсіп жетілді. ММУ-да оқыды. Ол – советтік адам. Біз АҚШ-тың жүрегіндеміз. Біз – Американың қаржылық жүйесінің жүрегіндеміз. Бұл – біздің барлау қызметінің табысты еңбегі. Бәлкім, Байден мырза да солай шығар», - дейді Игорь Коротченко.

Еске сала кетсек АҚШ президенті Джо Байден 2 қарашада Сенаттың қарауына Сауле Омарованың кандидатурасын Қаржы министрлігінің валюталық бақылау басқармасының (Office of the Comptroller of the Currency) басшысы лауазымына ұсынған болатын.

Алайда Омароваға АҚШ банк жүйесінде алдында ақталуға тура келді. Джон Кеннеди Сәуле Омарованың жас кезінде комсомол болғанына тиіскен. Ал оған жауап қайтарған Сәуле Омарова КСРО кезінде көп қатарластары комсомол ұйымына мүшелікке енгенін келтіріп, өзі коммунист емес екенін мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары