×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Ақ үй Сәуле Омарованы Қаржы министрлігіндегі лауазымға ұсынды

03.11.2021, 16:42
Фото: Ашық дереккөзден

АҚШ президенті Джо Байден 2 қарашада Сенаттың қарауына Сауле Омарованың кандидатурасын Қаржы министрлігінің валюталық бақылау басқармасының (Office of the Comptroller of the Currency) басшысы лауазымына ұсынды, деп хабарлады Ақ үйдің баспасөз қызметі.

Егер Сәуле Омарованың кандидатурасы мақұлданса, ол АҚШ-тың ақша айналымын бақылау бөлімін басқаратын алғаш рет әйел болмақ. Қазақстанның тумасы бұл қызметке бес жыл мерзімге тағайындалуы мүмкін. Оның орынбасары Джозеф Оттинг болуы тиіс.

Office of the Comptroller of the Currency 14,9 трлн долларлық активтері бар банктерді бақылайды. Несие берушілердің бизнесті қалай жүргізетіні туралы ережелер шығарып, жаңа банктерге жұмыс істеуге лицензия береді. Бұл тәуелсіз қазынашылық бөлімше, сондай-ақ cryptocurrencies-ті реттеу үшін маңызды.

Сәуле Омарова Қазақстанда дүниеге келген, 1989 жылы ММУ-ды бітіріп, 1991 жылы АҚШ-қа көшіп, алмасу бағдарламасы бойынша Висконсин университетінде оқыған. КСРО ыдырағаннан кейін ол АҚШ-та қалып, Корнелл университетінің профессоры болды. Омарова Нью-Йорктегі ең ірі заң фирмаларының бірі Davis Polk & Wardwell-де, сондай-ақ АҚШ-тың 43-ші президенті Джордж Буштың Әкімшілігінде жұмыс істеген.

Серіктес жаңалықтары