Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина жұптық сында Индиан-Уэллс турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина мен Ресей спортшысы Вероника Кудерметова Индиан-Уэллстегі турнирдің финалына шықты, дейді olympic.kz.
Жартылай финалда қазақстандық-ресейлік дуэт Людмила Киченокты (Украина) / Елена Остапенконы (Латвия) 6:4, 6:3 есебімен ұтты.
Екеуара кездесу 1 сағат 16 минутқа созылды. Рыбакина мен Кудерметова үш рет Эйс орындады, бір қос қате жасады және 14-тен алты үзіліс ұпайын жүзеге асырды.
Финалда Елена мен Вероника турнирдің екінші жұбы - Сие Шувейге (Тайвань) / Элис Мертенске (Бельгия) қарсы ойнайды.
Айта кетерлігі, Индиан-Уэллсте өтіп жатқан жарыстың жекелей сынында отандасымыз Юлия Путинцева екінші айналымда тоқтаған болатын.