×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Қостанай экс-әкімінен тәркіленген мейрамхана тағы сатылмай қалды

20.11.2023, 08:51
gosreestr.kz

Бұған дейін мейрамхана аукционда бірнеше рет сатылымға қойылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қостанайдың бұрынғы әкімі Ахмедбек Ахметжанов тәркілеген мейрамхана кешені электронды сауда-саттықта сатылмағаны белгілі болды. Аукцион бағаны көтере жүргізілген.

Сауда-саттық басталған кезде бірде-бір қатысушы тіркелмеген. Мейрамхананың бастапқы 805 529 000 теңгелік бағасын ешкім растаған жоқ.

Мейрамхана ғимараты аукционда бірнеше рет сатылымға шығарылған. Бірақ оған ешбір кәсіпкер қызықпады. Бұл нысан - бұрынғы шенеуніктің жария сауда-саттықта шығарылған алғашқы тәркіленген нысаны емес. Бұған дейін тәркіленген "Метрополь" мейрамханасы мемлекет меншігіне берілген болатын. Қазір бұл ғимаратта "азаматтарға арналған үкімет" орналасқан. Ахметжановтың тағы бір меншігі – 87,5 млн теңгеге бағаланған "Монолит" сауда үйі 40,5 млн теңгеге сатылды.

Еске сала кетейік, 2016 жылдың сәуір айында Қостанайдың бұрынғы әкімі Ахмедбек Ахметжанов мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте еңбек ету құқығынан өмір бойына айырылып, 13 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Бірақ содан кейін апелляциядан кейін мерзім 7 жыл 6 айға дейін қысқарды.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты Ахметжанов рақымшылыққа ілініп, бұл жаза 4 жыл 10 ай 23 күнге дейін азайды. 2019 жылы ол шартты түрде мерзімінен бұрын босату және жазаның өтелмеген бөлігін жеңіл айыппұлға ауыстыру құқығын иеленді. Сол жылдың 1 сәуірінде Қостанай облыстық соты оны шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы шешім қабылдады.

Серіктес жаңалықтары